Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ләйлә Сұлтанқызы карантин кезінде уақытты қалай тиімді өткізуге болатынын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы карантин кезінде уақытты қалай тиімді өткізуге болатынын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы карантин кезінде бос уақытын қалай тиімді пайдаланып жатқанын тізіп жазды. Айтуынша, үйде болса да, бос уақыты жоқ. Оны пайдалы дүниелерге жұмсауда. 

Бұл туралы тележүргізуші Инстаграм парақшасында жазды.

Риясыз күлкімен, алаңсыз оймен әдеттегідей еркін жүруді тезірек нәсіп еткей Жаратқан! 2 күннен кейін изоляцияға тура 1 ай болады екен. Адам 3 күнде қиындыққа үйренеді, 21 күнде жаңа әдет қалыптастырады деген рас екен.

1 айда мен қалыптастырған жаңа әдеттер:

1) Күнде кешкісін кітап оқу;

Қорыма жаңа үш кітап қосылды✔️

2) 1,5 сағатымды спортқа арнау;

Нәтиже: мен армандаған салмаққа 3 кг қалды✔️

3) Балалармен уақыт өткізу;

Осы күнге дейінгі өкпе/реніш/түсініспеушілік, тәрбиеде ескерілмеген пробелдердің орны толып келеді✔️

4) Жаңа 10 жаңылтпаш, 3 ребус шештік✔️

5) Арықтау күнделігіне кеңестер жазылды✔️

6) Ас үйге жиі кіріп, отбасылық мәзірімізге жаңа тағам түрлері қосылды✔️

7) Сурет салуды бастадым. Бұрын шыдамым да, уақытым да жетпейтін.

8) Өзіммен гармонияда болуды, өзімді тыңдауды, өзіммен дос болуды үйрендім.

Ендігі бір ойым жаңа аспап түрін меңгеру. Негізі ішкі күйзеліске/деградация/кризис/депрессияға түспеудің бір жолы, бос уақытыңның болмауы дейді мамандар. Ал сіз 1 айда не бітірдіңіз?

Желіде оқырмандары өз нәтижелерін айтып, кеңестерін ұсынып жатты.

"Мен намаз оқуды бастадым, енді оразаны күтіп жүрмін", "Менің қайта режимім бұзылды.Жалқау болып алдым.Қайта бұрын кітапта оқып, неше түрліні пісіріп, жаттығуды да жасаушы едім", "Кітап оқимын, үш күнде бір кітап деген мақсат қойдым", "Ас үйден шықпаймыз", "Бәріне тамақ дайындау үшін әйелдердің жұмысы көбейді", - деді олар.


16 сәуір 2020 ж. 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 990 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам