Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Қатты жөтел қысты": Дина Төлепберген коронавирусқа тест тапсырды

"Қатты жөтел қысты": Дина Төлепберген коронавирусқа тест тапсырды

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген коронавирус жұқтырып алғанына күдіктенгендіктен инфекцияны анықтайтын арнайы тест тапсырғанын хабарлады. БАҚ өкілі өзі жүргізетін бағдарламаның тікелей эфирі кезінде қайта-қайта жөтеле берген болатын. COVID-19 вирусының бар-жоғын анықтамақ болған журналистің сынамасы қандай нәтиже көрсеткенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Дина Төлепберген коронавирусқа тест тапсырғанын өз оқырмандарынан жасырмай-ақ, Instagram парақшасында жеткізген. Анықталғандай, тележүргізушінің сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. "Осы дүйсенбі күні эфир барысында кенет жөтел қысты. Тікелей эфир. Өзімді баса алмаймын. Кей көрермен байқап қалса керек. Жөтелім кейін де қайтпады. Оның үстіне құрғақ болған соң, короновирусқа күдіктің кеткені аян. Бүгінде covid19 жұққан, жұқпағанын анықтаудың екі жолы бар. Бірі ПЦР – яғни мұрын және аңқадан жағынды алу арқылы. Екіншісі – жедел тест (жарты сағатта жасалады). Саусақтан қан алу арқылы. Алайда оның нәтижесінде қателіктің кетуі 10% деседі. Өтініш беру үшін www.cdl.kz сайтында анкета толтыру керек. Мен ПЦР тапсырдым. Оның нәтижесі 2 күнде дайын болды.Теріс. Короновирус 2019-nCov табылған жоқ.

Мойнымнан ауыр жүк түскендей. Бір ғана ойдың өзі сау адамды ауру етіп тастайды екен. Оның үстіне ауырсаң – бір өзің емес, бүкіл бала-шаға, әріптестерің де қоса ала кетесің ғой. Ең ауыры осыны сезіну шығар. Олардың кінәсі жоқ қой деп ұйықтамайсың ғой түнімен.. Мен эфир қажеттілігіне орай көшеге шығып, адамдардармен араласуыма тура келеді. Егер Сіздің мұны жасамауға мүмкіндігіңіз болса, үйіңізде болыңыз. Жұқтырғанды айтпағанда, күдікті болудың өзі – қорқынышты екен" , - деп жазды ол.

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 967 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам