Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Серікбол Сайлаубек алғаш рет балалары мен жұбайын көрсетті

Серікбол Сайлаубек алғаш рет балалары мен жұбайын көрсетті

Әнші Серікбол Сайлаубек экран алдында жұбайы, бала-шағасымен бірге сұхбат берді. Ол елге отбасын алғаш рет көрсетті. Әнші отбасы жайлы, алдағы жоспарлары жайлы айтып өтті. 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды. Серікбол Сайлаубек қазір отбасымен, анасымен бірге Талдықорған қаласында тұрып жатыр. Анасына кең сарайдай зәулім үй салып берген."Жұбайымны есімі Альмира. 4 балам бар, әпкемнің 2 баласы менімен тұрады. Әйелім екеуміздің отасқанымызға 12 жыл болды. Пәтерде тұрдық. Көшіп-қонып жүрдік. Уақыты келгенде анамның қалауымен Талдықорған қаласынан үй салып бердім", - деді әнші. 
Айтуынша, анасы Талдықорғанда тұрғанды қалаған. Себебі туған жеріне жақын, әрі тыныш қала. 
"Бұл қалада қарбалас өмір жоқ.  Бәрі уақытымен. Ауасы да таза. Сондықтан тыныштықты таңдадық. Өнер жолы ауыр жол, бірі түсінеді, бірі түсінбейді. Бала-шағаңның қасында көп болмайсың. Қиындығы сонда. Қазір карантин уақытында бала-шағаммен бірге, халықпен бірге үйде отырмыз", - деді Серікбол.
Әнші ел секілді ай сайын несие төлеп тұрады. Несиені досының тойына алып берген екен. 
"Досым үйленіп, қолымда қаражат болмай қалғандықтан несие алдым. 700 теңге алғанмын, соны ай сайын 70 мыңнан төлеп тұрамын. Жыртығына жамау болсын деген ізгі ниетпен алған едім. Одан басқа несием жоқ", - деді ол.
Әнші алдағы күз айына Алматы қаласына жеке ән кешін беруді жоспарлап отыр. Сол үшін арнайы әндер жазып жатыр. 
"Менің әнімнің көбі жеңіл той әндері, билеуге арналған әндер. Енді ән кешіне байланысты салмақты әндер жазып жатырмын",- деді ол
28 сәуір 2020 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1659)

31 шілде 2020 ж.

№57 (1658)

28 шілде 2020 ж.

№56 (1657)

25 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 809 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам