Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Мені кешір": Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты

"Мені кешір": Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты. Біраз уақыт өкпелесіп жүрген екі әншінің үлкені алғашқы болып сөз бастады. Меруерт ханым Мәдинамен арада даудың қалай тұтанғанын түсіндіріп берді.

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды. 
"Сұрақ көп екен... пост жазбайын деп едім, өз басымнан өткен жағдай бұл. Мадина мені неге бұғаттады?! Менің сүйкімді сіңлім Мәдина не себепті мен ватапта бұғаттады,неге мені тыңдағысы келмеді, оның админстраторы да ашулы адам екен. Мені инстаграмда бұғаттап қойыпты. Менің оған жазылатын ойым да жоқ еді. Кейін маған шағымын айтып журналистерге сұхбат берді. Журналистер теңіздегі мәйітке таласқан шағалалардай бұған шу шығарды. Менен де пікір сұрады. Мен үндемедім. Оның себебі өзімді кінәлі сезінгеннен емес, мен жай ғана уақытын күттім. Әйтеуір бір кезде әділдіктің белгілі боларын білдім. Біздің ұрысымыздың себебі - лоторея еді. Маған әлдебір бойжеткен Мәдина Сәдуақасова 1 млн теңге ойнатқан лотореяға шағымын айтып жазыпты. Мен бұл тізімде Мәдинаның бар екеніне таңғалдым", - деп жазды Меруерт ханым. 

Меруерт Түсіпбаева лоторея ойнатуға қарсы. Әсіресе танымал тұлғалардың осы әрекеті үшін жауап бергенін қалайды. 

"Мен әріптестерімді іштей екі топқа бөлемін. Оның ішінде Мәдина бірінші топқа, жақсы әншілер тобына жатқызатынмын. "Бұл саған не үшін керек? деп жазған едім, мені бұғаттап тастады. Маған жазған қыздың хатын қоса жібердім. Бүкіләлемдік дағдарыс, пандемия кезінде, Рамазан айында Мәдна бұл жазбамды оқиды деп ойлаймын. Өз өзіне болса да есеп берер. Маған неге ашуланды? Журналистерге хабарлап, неге мені сұрқия қылып, өзін құрбан қылып көрсетті? Аппақ мамықты аяулы Мәдина, мен сенің басқалардың жоғары болғаныңды қаладым. Біз бір жыл ғана таныс емеспіз. Сол кезде лоторея туралы ескертемін деп ренжіткен болсам, кешір әрине. Жасаған жақсылығыңды ұмытпаймын. Бұл істің жақсылықпен аяқталмайтынын білдім. Халықтың өз қасиеті ,құдыреті бар, сұрауы бар. Ернар ғана емес, лоторея өткізгеннің бәрі жауап берсін", - деп жазды.

Желі қолданушыларының басым бөлігі әншінің сөзін қолдады. Бірі Мәдина Сәдуақасованың арам іске бармайтынын айтып ақтады. 
"Меруерт, осы лотереяға әншілер неге сонша құмар? Тойымсыз ба? Әлде соншалықты әншілер топас сауатсыз надан ба? Өз халқын алдағанда не түседі? Сонан соң, ұялмай сахнаға халықтың алдына шығып, ән салып , өтірік халқым, мені сені жақсы көремін деп тағыда алдай ма?", "Сол лоторея өтірік болса да, оны ұйымдастырғыштар да көп, оған сенетіндер таусылар емес", "Адамдардың өзі ақымақ сондай лотареяға сенетін лохотрон", "Мәдина да елді алмай ма?", "Мәдина арам іске баратын әнші емес", "Неге ол кезде әріптестерінің сіздң сөзіңізді тыңдамады?", - дп жазды желідегілер. 
29 сәуір 2020 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1659)

31 шілде 2020 ж.

№57 (1658)

28 шілде 2020 ж.

№56 (1657)

25 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 809 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам