Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әнші Саят Медеуовтың анасы қайтыс болды

Әнші Саят Медеуовтың анасы қайтыс болды

Саят Бекжан ағасына үлкен өтініш айтыпты. Танымал әнші Саят Медеуовтың анасы қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің анасының өлімі туралы актер Бекжан Тұрыс facebook парақшасында жазды. Өнердегі інісінің қайғысына  көңіл айтқан ол, Саяттың өзіне айтқан бұйымтайын халыққа жеткізді. 
"Анадан ардақты, анадан қадірлі, анадан асыл, анадан абзал ешкім жоқ. Өйткені ол – өмірдің бастауы. Ананың тілегі – адамзат тілегі. Ол тілекте нұр бар!
Жан дүниесі мейірімге толы Саяттай ұлды ардың сүтімен ауыздандырған, берекесі ортаймаған үлкен ошақтың құты Нұрғайша ананың бақилық болғанын естіп, қабырғам қайысып отыр. Алла алдынан жарылқасын! Бекем бол, Саят! Анаңның қолынан талай дәм татып едім. Шымкентке шыққан, Қызылордадан қайтқан, Алматы мен Тараздың ортасында жолаушы жүрген әнші әріптестеріңнің сенің анаңның дастарқанынан дәм татып, анаң құйған шайды ішпегені жоқ шығар-ау!? Ең жақын жаныңнан айырылып қалғаныңды естірте отырып, өтінішіңді қоса жеткіздің, азаматтығыңнан айналдым, бауырым!
– Аға, «өлім жолы – ауыр» деп түсінген қазақпыз. Өмірде өзім сыйласқан дос-жараным мен туыстай болып кеткен аға-бауырым көп. Солардың бәрі менің қайғыма ортақтасып көңіл демеу үшін жанымнан табылғысы келетінін де білем. Бірақ дәл қазір індеттің өршіп тұрған кезінде ешкімге ренжімеймін, осы өтінішімді дұрыстап жеткізіңізші! Менің мұңымды бөлісем деп өз жақындарына қайғы апаруға себепші болғым келмейді. Мүмкіндік болғанша тәртіп сақтайықшы! Саят бауырым осылай деп өтініш айтты", - деп жазды ол желіде.
Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін актер Азамат Сатыбалдының әкесінің қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.
02 шілде 2020 ж. 1 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (1662)

11 тамыз 2020 ж.

№60 (1661)

08 тамыз 2020 ж.

№59 (1660)

04 тамыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 858 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам