Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АҚЫНДАР АЙТЫСЫ: «АЛТЫН ДОМБЫРАНЫҢ» ИЕСІ АНЫҚТАЛДЫ

АҚЫНДАР АЙТЫСЫ: «АЛТЫН ДОМБЫРАНЫҢ» ИЕСІ АНЫҚТАЛДЫ

   Ақтөбеде «Жыр арқауы – жаңғыру» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Тәуелсіздік күніне арналған айтыста «Алтын домбыра» иесі анықталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақтөбеде республикалық ақындар айтысы өтті. Барлығы 5 жұп алты сағат бойы ақтөбеліктерді жырға бөлеп, ел ішіндегі өзекті мәселерді қозғады.
Ақындар тіл, ұлттық рух пен ел болашағы туралы жырлады. Қыз бен жігіт айтысында әдемі әзіл айтылды. Ақтық сынға Сара Тоқтамыс пен Жандарбек Бұлғақов, Жарқынбек Наушабек пен Сырым Әуезхан, Айнұр Тұрсынбаева мен Әсет Дүйсебаев шықты.
«Айтыс – қазақ халқына ғана тән ұлы өнер. Жігітті талантына сай түстеген ақындар айтысы өте тартысты өтті. Ешкім ешкімнен кем емес»,- деді Қазақстанның халық ақыны, қазылар алқасының төрағасы Қонысбай Әбіл.
Кейін жүлдегерлер анықталды. Қазылар алқасының шешімімен Данияр Алдабергенов, Қуаныш Шарманов, Мурадым Ерланов және Сағадат Нұрмановқа алғыс хат пен 350 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
ІІІ орын Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамыс және Әсет Дүйсебаевқа бұйырды. Олар 750 мың теңге көлеміндегі сыйлыққа ие болды. Екінші орынды Жарқынбек Наушабеков алды. Оған 1 миллион теңге қаржылай сыйлық берілді.
Бірінші орын алған Сырым Әуезханға 2 млн теңгелік сыйлық табысталды. Ал бас жүлдеге тігілген 3 миллион теңге мен «Алтын домбыраны» Жандарбек Бұлғақов жеңіп алды.
«Ақтөбеліктер алты сағат бойы айтыс тыңдап, тапжылмай құрмет көрсетті. Ақындарымыз өнерлерін аяп қалған жоқ. Айбынымызды асырды, рухымызды тасытты. Бәріміз шабыттанып отырмыз»,- деді Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуат Бораш.
15 желтоқсан 2017 ж. 661 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 946 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам