Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «КӨРЕСІҢДІ КӨРМЕЙ» СПЕКТАКЛІ САХНАЛАНДЫ

«КӨРЕСІҢДІ КӨРМЕЙ» СПЕКТАКЛІ САХНАЛАНДЫ

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, "Құрмет" орденінің иегері Б.Алпысбаевтың 70 жылдық мерейтойына орай театр сахнасында Л. Егембердиеваның «Көресіңді көрмей» спектаклі сахналанды.
Спектакльде Ақдидардың сүйген жары Өмірсерік Ұлтшыл деген баппен сотталып кеткен еді. Қаншама жылдар өтіп, Ақдидар ауылда екінші ұлы Ғалымның қолында тұрып жатыр. Баласының да, келінінің де арақтан беттері қайтар емес. Ақыры жалғыз кемпірді сыйғызбай жеті жылдай қауышпаған қалада тұратын үлкен ұлы Айдардың қолына жіберді. Қаладағы келіні Бикен шексіз қуанған сыңай танытып, енесін қарсы алды. Қуанышы ұзаққа бармады. Себебі, енесінің үстінен шыққан ауыл иісі мен қарапайымдылығы қалада тұратын олардың үй мәдениетін өзгерткендей болды. Келінінің қабағынан өзінің артық екенін сезген Ақдидар кеңсайға барып, ішкі мұқтаждығын табиғатпен бөлісіп жүргенде, алғашқы жары Өмірсерікті кездестірді. Осы күннен бастап Ақдидардың өмірге деген үміт шамы лаулай бастады.
10 қазан 2017 ж. 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (1488)

13 қараша 2018 ж.

№85 (1487)

10 қараша 2018 ж.

№84 (1486)

06 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 984 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам