Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ОЙНАЙЫҚШЫ БІР... ОЙЛАЙЫҚШЫ БІР!» КОМЕДИЯСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫН ТАМАШАЛАДЫ

«ОЙНАЙЫҚШЫ БІР... ОЙЛАЙЫҚШЫ БІР!» КОМЕДИЯСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫН ТАМАШАЛАДЫ

 Ақ пен қара алмасқан өмір сызығында талай өткелдерден өтеміз. Қуаныш пен қайғы, жақсылық пен жамандық. Алдыңнан кездескен сынақтарда сүрініп кеткен дұрыс па? Әлде күресу керек пе?
Студент Уылдырық дәл осындай өмір сынағына тап болады. Алайда адал достықтың туын көтерген жан достары Тықыр мен Майтабан көмекке келеді. Бірі қолдап, бірі алдап, әйтеуір амалын тауып құтқарып қалады. Қиын сәтте қол ұшын берген адал достық пен өз әлсіздігін жеңген ерліктің куәсі болған Сыр көрермендері 11 қазан күні сағат 19.00-де театр сахнасында Б.Әлімжановтің «Ойнайықшы бір... Ойлайықшы бір!» комедиясының премьерасын тамашалады.Басты рольдегі Уылдырық пен Бекірешті Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын биыл ғана бітіріп келген Санат Жүзбай мен Зарина Кенжеәлі сомдады. Соңғы уақытта театрымызда жастарға арналған спектакльдер көптеп қойылуда. Жастар труппасының қатысуымен өткен спекталь Қызылорда қаласының жас көрермендерінің жүрегіне жол тапқандай әсер қалдырды. Толассыз соғылған қошемет, өнерді бағалаған жандардың шоқ гүлдері бәрі театр өнерінің жақсы деңгейде екенін аңғартады.
12 қазан 2017 ж. 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 623 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам