Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДИМАШТЫҢ АНАСЫ ҰЛЫНЫҢ АТЫМЕН КИІМ ҮЛГІЛЕРІН ШЫҒАРА БАСТАДЫ

ДИМАШТЫҢ АНАСЫ ҰЛЫНЫҢ АТЫМЕН КИІМ ҮЛГІЛЕРІН ШЫҒАРА БАСТАДЫ

 Бұдан былай көпшілік танымал тұлға Димаш Құдайбергеннің атымен аталатын «DimashRM» брендіндегі киімдер топтамасынан киіне алады. Әншінің анасының айтуынша, киімдер қолжетімді бағада болады.
Бұл жайында Света Айтпаева Instagram парақшасында жариялады. «Отандық жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына өз үлесімізді қосу мақсатында осыдан бір жарым жыл бұрын қолынан іс келетін қыз-келіншектерді біріктіріп, шағын жұмыс орнын ашқан болатынбыз. Бүгінде орталығымызда бірнеше адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтып отырмыз. «DimashRM» брендімен бүгінде түрлі киімдер желісін көпшілік назарына таныстыра бастадық. Мақсатымыз халыққа қол жетімді бағада сапалы киімдер ұсыну. Алғашқы топтамалар сатылымда. Көріңіздер!» – деп жазды әншінің анасы.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген күні кеше «Жылдың ең танымал әншісі» атағын екінші жыл қатарынан жеңіп алған болатын.
13 ақпан 2018 ж. 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (1437)

15 мамыр 2018 ж.

№34 (1436)

11 мамыр 2018 ж.

№33 (1435)

06 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 811 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам