Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕРКЕ ЕСМАХАН ФИЛЬМГЕ ТҮСУДЕ

ЕРКЕ ЕСМАХАН ФИЛЬМГЕ ТҮСУДЕ

   Соңғы жылдары жұлдызы жарқырай түскен әнші Ерке Есмахан кино саласында өзін сынап көруге ниеттеніп жүргенін айтқан еді. Күні кеше әнші түсірілімнің басталғанын хабарлап, алаңнан видео жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ерке Есмахан су жаңа туындыда басты рөлді өзі сомдамақ. Сондай-ақ, фильмнің қаржылай шығыны продюсер ретінде Еркенің мойнында. Ал тырнақалды туындысын түсіруге Еркеге режиссер Асқар Ұзабаев көмектеспек ниетте.
“Тәуекел түбі – жел қайық, Жүзесің де өтесің! Кино деген кеменің желкенін көтердік, сәттіліктің самалы серік болсын! Кеменің капитаны: Асқар Ұзабаев. Капитанның оң қолы: Гүл апше, Гүлнұр Мамасарипова. Мен енді тек әнші, жүргізуші емес, Алла қаласа, продюсер және актриса болғалы тұрмын. Осы жолдағы алғашқы жоба – кино.
Мен тек ата-анамның емес, бүтіндей қазақ деген xалықтың, Сіздердің қыздарыңыз екенімді толық түсінем. Өйткені, әр адам қатал сынды да, ең ізгі тілекті де өз баласына тілейді. Күн сайын Өздеріңізден сондай тілек-ниет, сын-пікір алып, бәрін түйсігіме жинап жүрмін. Мен өсіп жатсам, ол Сіздердің баталарыңыздың арқасы деп білем! Жаңа жұмысыма да сәттілік тілеп қойсаңыздар екен, жандарым! “Арық сөйле, семіз шық” демекші, сөзімнен ісімнің ірі болғанын қалаймын. Кішкене уайымдап тұрмын”, – деп бөлісті Ерке өзінің инстаграм парақшасында.
Айтпақшы, Ерке белгілеген хэштегке қарасақ, фильм “Кафе Махаббат” деп аталуы бек мүмкін.
10 сәуір 2018 ж. 1 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (1605)

18 қаңтар 2020 ж.

№3 (1604)

14 қаңтар 2020 ж.

№2 (1603)

11 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 069 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам