Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ЕҢ СҰЛУ» ФИЛЬМІ ПРОКАТҚА ШЫҚТЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ЕҢ СҰЛУ» ФИЛЬМІ ПРОКАТҚА ШЫҚТЫ

   ҚазАқпарат - Режиссер Қанағат Мұстафин түсірген «Ең сұлу» кинокомедиясы 10 мамырдан бастап прокатқа шығады. Аталған фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Kanaidarproduction» компаниясы түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі отандық киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл кинотуынды «16 қыз» фильмінің жалғасы емес. Жаңа фильм. Романтикалық комедия жанрында түсірілген «16 кыз» фильмінде басты екі кейіпкер ғана болса, жаңа фильмде тоғыз негізгі кейіпкер бар. Жанры жағынан криминалды комедияға жақын. Бұл «16 қыз» фильмінің кейіпкерлері қатысатын отбасылық көрсетілімге арналған фильм, - дейді режиссер Қанағат Мұстафин. Фильмнің желісі бойынша картинаның басты кейіпкері Самат отыздан асса да әлі күнге дейін отбасын құрмаған сүрбойдақ. Жан досын үйлендіруді көздеген Бауыржан Саматпен бірге қалыңдық іздеп қалаға аттанады. Осы жолда екі дос қызықты да шытырман оқиғаларды бастан өткізеді. Фильмдегі оқиға 80 млн. теңге тұратын Цин әулетінің XIV ғасырдағы құмыраның Ұлттық мұражайдан ұрлануымен қоса өрбиді. «16 қыз» фильмінің басты кейіпкерлері - Аша Матай мен Берік Айтжановтан басқа жеті негізгі кейіпкер бар. Оларды Ғани Құлжанов, Асан Мәжит, Фархат Әбдірайымов, Мұрат Бисембин және басқалар сомдайды. Айта кетелік, фильмде комедиялық актер ретінде алғаш киноға түскен әртістер де бар. Олар: актер Қуаныш Долдаев, блогер тележүргізуші Әсел Асқар, теле-радио жүргізуші, шоумен Қазыбек Қасым және әнші Кентал (Талғат Кенжеболатов). Түсірілім жұмыстары Алматы және қалаға жақын маңда жүрген. Тонау сахналары үшін фильмнің қоюшы-суретшісі Нұрболат Құлмұхамбетов Цин әулеті құмырасының тоғыз көшірмесін жасаған.  

10 мамыр 2018 ж. 1 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (1641)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 025 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам