Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » РОЗА РЫМБАЕВАНЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРІ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

РОЗА РЫМБАЕВАНЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРІ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

      Роза Рымбаева күйеуі тірі кезде бір ғана жалақыға күн көргенін айтты. Алайда соған қарамастан, Халық артисі материалдық жағынан таршылық көрмедім, дейді. Бұл туралы ол Esquire.kz басылымына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Stan.kz.

  “Күйеуімді кездестіргенге дейін мен әлі бала едім. Яғни бір жігітпен кездесіп, кейін басқасына ауысу, ақырында болашақ жарыңды кездестіру деген нәрсе болған жоқ. Ол – менің алғашқы және негізгі махаббатым. Мен автоматты түрде есейіп кеттім. Жастық шақтағы махаббаттың не екенін ұғынып үлгермедім. Биге, киноға бару деген бізде болған жоқ”, – деген Роза Қуанышқызы мұндай қызықтарды отбасылық өмірде көргенін ашып айтты.
Бұдан бөлек, Халық артисі материалдық таршылық көрмегенін атап өтті. Алайда ел қатарлы бір ғана жалақыға күн көргенін жасырмады.
“Құдайға шүкір, сүйікті жұмысымыз, пәтеріміз болды. Екеуміз үйленгенде үш бөлмелі пәтерге ие болдық. Сондықтан тұрмыстық не болмаса материалдық қиыншылық болған емес. Көп ақша таптық деп те айта алмаймын. Ең бастысы – сахнада жүргенімізге, концертімізге халықтың көп жиналатынына бақытты едік”, – дейді ол.
“Үйдегі тұрмыстық жағдайымыз бірқалыпты болды. Бірақ енді артық гаухар тас не болмаса гаражда бірнеше мәшине деген болған жоқ”, – деп сөзін жалғады Роза Қуанышқызы.

29 шілде 2018 ж. 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 216 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам