Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТОҚТАР СЕРІК: ТОҚАЛ АЛАМЫН ДЕГЕНДЕ БЕЙБІТ ЖЫЛАП ЖІБЕРДІ

ТОҚТАР СЕРІК: ТОҚАЛ АЛАМЫН ДЕГЕНДЕ БЕЙБІТ ЖЫЛАП ЖІБЕРДІ

   Еліміздегі жұлдызды жұптардың бірі Тоқтар мен Бейбіт отбасылық құпиясымен бөлісті. Тоқтар Серіков тоқал алуға ниеттенген уақытында жары Бейбіттің жылап қалған күндерін еске алды деп хабарлайды "Сенбілік таң" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Екінші әйел алсам деп Бейбітке айтқан едім. Ол еңіреп жылап алды. Оның несін жасырайын. Ондай ойым жоқ негізі. Мен тіпті өзге әйелдерді де құшақтамаймын. Неге? Себебі балаларымның алдында өзімді кірлеткім келмейді. Олар таңертең мені құшақтап шығарып салады. Кешке солай күтіп алады. Мен сол аралықта балаларымынң алдында өзімді ластағым келмейді.
Елестетіп көріңіздерші, мен бір қалада екі отбасыммен тұрамын. Бір отбасыммен ұйықтап жатқанда, екінші әйелімдегі балаларым ауырып қалды. Сондай қиналған шағында балапандарымның жанынан табыла алмасам, несіне әке болып жүрмін? Қандай қадір-қасиетім қалады?", - деп ағынан жарылды әнші.
Әншінің бар арманы үш ұлына лайықты әке болу екен.
"Мен әкем жайында ешқашан жаман сөз естіген емеспін. Барған жерімде мақтап отырады ол кісіні. Мен де балаларыма үлгі болғым келеді. Үш ұлым бар. Соларды ер жеткізсем, осыларды жанымда ертіп жүрсем. Менің балаларым кейін "Сенің әкең өте жақсы адам еді" деген сөзді естісе, қандай бақытты болады", - деді Тоқтар Серіков.
Ал Бейбіт Сейдуалиева өз балаларын қатал тәрбиелейтінін жасырмады.
22 маусым 2018 ж. 1 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам