Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЙДАНА МЕДЕНОВА ФАНАТТАРЫНА ЕРЕКШЕ ТОСЫН-СЫЙ ӘЗІРЛЕДІ

АЙДАНА МЕДЕНОВА ФАНАТТАРЫНА ЕРЕКШЕ ТОСЫН-СЫЙ ӘЗІРЛЕДІ

 «Найнти уан» тобында «Иглз», «Блэк дайл» бойзбендінде «Рэйванс»! Отандық шоу-бизнестегі кью-поперлердің фан-домы дәл осылай аталады. Алайда, «91-дің» бастамасы өзге әріптестерін де бей-жай қалдырмаған көрінеді. Мәселен, әнші Меденова «Айданаторлар» деп аталатын жанкүйлерлерін жанына жинауға ниетті. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Б
үгінде Айдананың инстаграмына тіркелген 2 миллионға жуық оқырман әншінің әр постын жіті бақылап, күнделікті жаңалықтарынан хабардар болып отырады. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде Меденованың атымен, жүзге жуық фан-парақшалар ашылған. Алайда, Айдана өз жанкүйерінің армиясын жеке әнші ретінде жасақтады десеңіз, қателесесіз!
“Кешью кезінде көп фанаттар жиналды. Олардың өздерінінің аттары бар. «Айданаторы» деп аталады. Ол 5 жыл бұрын болған. Бірақ ,енді мен жақында ғана айтып бастадым. Өйткені, қазір сондай мода, тренд болып кетті ғой. Сондықтан оларға обидно болмасын деп, оларды айтып қоямын”, – дейді Айдана Меденова.
 Иә, енді Айдана айтқан сөзін іс жүзінде жүзеге асырмақ. Жуырда Меденова адал жанкүйерлерін жанына жиып, «Айданаторлармен» әңгіме-дүкен құруға ниетті.  
“Фан-митинг деген бар. Енді оған жету керек қой бірінші. Біз айданаторларды көрсеттік қой. Енді фан-митинг болуы керек. Концерттен кейін қыздар келіп тұрады. Өздерінің хаттарын беріп, сыйлықтарын беріп. Күшті енді, кішкентай әдемі қыздар, 15-16 жастағы”, – дейді Айдана.
Отандық шоу-бизнесте 10 жылдық ғұмыры бар «Ринго» тобы, осы уақыт ішінде ресми түрде фан-домға ат қойып, жанкүйерлеріне айдар тағып көрмеген. Бірақ, бойзбендң тыңдармандарының басым көпшілігі, Елордамызда шоғырланған көрінеді.
“Астаналық табынушыларының фан-домының атауы «Рингелз!» Олар өздері де келіп алып кәдімгідей плакаттарын көтеріп алып «Рингелз, рингелз…» деп айғайлайды. Сол өте қызық болатын. Әлі күнге дейін келіп жүреді. Әлі күнге дейін сол қағаздарын, плакаттарын тастамайды”, – дейді «Rin’Go» тобының әншісі Аян Бірбаев.

01 қараша 2017 ж. 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 126 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам