Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ФАРИДА ЖОЛДАСОВА МЕН ИСА ӘЛИМҰСАНЫҢ “ДИАЛОГЫ” ЖЕЛІДЕ ХИТКЕ АЙНАЛДЫ (ВИДЕО)

ФАРИДА ЖОЛДАСОВА МЕН ИСА ӘЛИМҰСАНЫҢ “ДИАЛОГЫ” ЖЕЛІДЕ ХИТКЕ АЙНАЛДЫ (ВИДЕО)


Ұлықпан Жолдасовтың қызы тағы бір әншімен дуэт құрды. Фарида Жолдасова мен Иса Әлимұсаның «Диалог» атты әні желіде хитке айналды, деп жазады Stan.kz.
Бала күнінде-ақ әйгілі «Музарт» тобымен бірге ән салған Фарида ұзақ уақыт өнерден алыс жүрді. Оқу оқыды, дипломын алып сахнаға қайта оралды. Көп ұзамай қазақ эстрадасында бүгінде «асығы алшысынан» түсіп тұрған Төреғалимен дуэт айтып, өзінің оралғанын еске салды.

Енді, міне, бірнеше отандық жобаларда бой көрсеткен жас әнші Иса Әлимұсамен бірге су жаңа әнін ұсынды. «Диалог» әні көпшіліктің көңілінен шыққан ұқсайды. Оған желідегі тыңдармандардың төмендегі пікірлері дәлел.

«Әдемі шығыпты, дауыстарың үйлесіп тұр, басқа да әндер күтеміз», «Талаптарыңа нұр жаусын», «Керемет, Фарида өте байсалды, тәрбиелі екені көрініп тұр», «Әннің сөзі керемет, авторына ерекше құрмет», «Тыңдай бергім келеді», «Жарайсыңдар, сөзсіз хит», «Хит-2018», – деп баға берді желі қолданушылары.

03 қазан 2017 ж. 3 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (1589)

19 қараша 2019 ж.

№89 (1588)

16 қараша 2019 ж.

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 073 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам