Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АРМАН МЕН АША ҚЫЗДАРЫ АСЫЛЫМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР ТОЙЫН ДҮРКІРЕТІП ӨТКІЗДІ (ФОТО, ВИДЕО)

АРМАН МЕН АША ҚЫЗДАРЫ АСЫЛЫМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР ТОЙЫН ДҮРКІРЕТІП ӨТКІЗДІ (ФОТО, ВИДЕО)

Арман мен Ашаның отбасында алғашқы қуаныш, дүбірлі той! Шоу-бизнестегі ең әдемі жұп қыздары Асылымның 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасап, бүлдіршіннің тұсауын кестірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Асылым Арманқызының тұсаукесер тойы ерекше өтті. Себебі оны ортаға алып шығу үш бірдей өнер иесіне бұйырды. Нақтырақ айтатын болсақ, әсем әнімен Жазира Байырбекова бүлдіршіннің бір қолынан ұстаса, екінші қолынан 5 баланың анасы Қарақат Әбілдина жетектеп шықты. Ал негізгі міндет, яғни Асылымның тұсауын кесу міндеті әнші Сәкен Майғазиевке жүктелді.
Той тізгінін танымал композитор, әнші әрі асаба Арман Дүйсенов ұстады.
Бұдан бөлек, тойға Ашаның нағашы әпкесі Баян Мақсатқызы сүйіктісімен бірге келді.
Мәдина Сәдуақасова, Қыдырәлі мен Қарақат, Зарина Омарова және т.б. көптеген танымал әншілер той төрінен орын алған қадірлі қонақтар қатарында болды.
Айта кетейік, бұл күні жұрт Асылым Арманқызын алғаш рет көрді. Себебі тіл-көзден қорыққан жұлдызды жұп 1 жасқа толғанға дейін сәбилерін ел көзінен тасада ұстады.



























#Тұсаукесер_Асылым

A post shared by Ергали Абдраимов (@ergali_abdraimov) on


#Тұсауын_кесу_кімге_бұйырды_деп_ойлайсыздар?

A post shared by Ергали Абдраимов (@ergali_abdraimov) on


03 қараша 2017 ж. 2 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 145 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам