Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ИӘ, МЕН ҰЙҒЫРМЫН: “РИНГО” ӘНШІСІ ЕШТЕҢЕГЕ ҚАРАМАСТАН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУГЕ ШАҚЫРДЫ (ВИДЕО)

ИӘ, МЕН ҰЙҒЫРМЫН: “РИНГО” ӘНШІСІ ЕШТЕҢЕГЕ ҚАРАМАСТАН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУГЕ ШАҚЫРДЫ (ВИДЕО)

 “Ринго” тобының әншісі Әділжан Омаров Қазақстанда тұрып жатқан әр азаматты қазақ тілінде сөйлеуге шақырды. Өзінің ұйғыр ұлтынан екенін мойындаған ол мемлекеттік тілде сөйлеу азаматтық борышы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Иә, мен ұйғырмын, бірақ мен Қазақстанның азаматымын. Мен осы жерде тудым, осы жерде өстім, білім алдым, жұмыс істеп жатырмын. Бұл – менің үйім. Сол үшін мен қазақша сөйлеуім керек, білуім керек. Сендер де қазақша сөйлеңдер. Мейлі, акцентпен болсын, нашар болсын. Ең бастысы, ақырындап сөйлей беріңдерші. Сосын мен сияқты үйренесіңдер”, – деп бөлісті Әділжан.

Әншінің бастамасын  қолдай кеткендердің қатарында отандық продюсер Тимур Балымбетов те бар. Әділжанның бастамасынан шабыттанып кеткен ол желіде “Сөйле, айналайын” атты эстафета бастады. Балымбетов шоу-бизнестегі Баян Есентаева, Алуа Қонарова, Эрик Тәстембеков, Бағым Мұхитденова сынды әріптестерін өзін қолдауға шақырды.

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (1445)

12 маусым 2018 ж.

№42 (1444)

09 маусым 2018 ж.

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 891 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам