Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЙРАТ ТҮНТЕКОВ АУЫР ДЕРТТЕН КӨЗ ЖҰМҒАН ҚАРЫНДАСЫНА ӘН АРНАП, ЕЛДІ ЖЫЛАТТЫ (ВИДЕО)

ҚАЙРАТ ТҮНТЕКОВ АУЫР ДЕРТТЕН КӨЗ ЖҰМҒАН ҚАРЫНДАСЫНА ӘН АРНАП, ЕЛДІ ЖЫЛАТТЫ (ВИДЕО)

 I am a Singer жобасының жетінші кезеңінде Қайрат Түнтеков Димаштың жұлдызын жаққан француздың Sos Dun Terrien әнін шырқады. Өмір мен өлім туралы сыр шертетін бұл туындыны Қайрат өмірден ерте озған қарындасына арнады. Көзіне жас алды, залдағы көрерменді жылатты, деп хабарлайды Stan.kz.

“3-4 ай бұрын, ораза кезінде өмірден кеткен қарындасыма осы әнді арнағым келіп отыр. Белгісіз бір аурудан 11 жасында өмірден өтті. Өзі талантты, ән де айтатын, билейтін де. Алла Тағала көп ұстамай, алып кетті. Айтудың өзі қиын болып отыр. Сондықтан осы әнді бір орындасам, өзіме де бір жеңіл болып қалады деген ойдамын”, – деп түсіндірді Қайрат.
Әнді орындау барысында Қайраттың көңілі босап, көзіне жас үйірілді. Даусы дірілдеп, әнді әрең дегенде аяқтаған Қайрат бұл қылығы үшін елден кешірім сұрады.
“Жылап жібергеніме ренжімеңіздер, жақында ғана Сәбина есімді қарындасымнан айырылып қалған едім. Өз-өзімді ұстай алмай қалдым, ренжімеңіздер”, – деп түсіндірді Қайрат.
Соған қарамастан, жобаның бұл кезеңінде Қайрат ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, бірінші орынды иеленді.
09 қараша 2017 ж. 4 489 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (1445)

12 маусым 2018 ж.

№42 (1444)

09 маусым 2018 ж.

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 891 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам