Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЛӘЙЛӘ СҰЛТАНҚЫЗЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ ҮЗДІК БЛОГЕРІ АТАНДЫ

ЛӘЙЛӘ СҰЛТАНҚЫЗЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ ҮЗДІК БЛОГЕРІ АТАНДЫ

   Ләйлә Сұлтанқызы еліміздің қазақ тілді ең үздік блогері атанды. Отандық танымал тележүргізуші Қазақстан Медиа альянсының жүлдесіне ие болған деп жазады NUR.KZ.
Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызының өзі Instagram парақшасындахабарлаған. Танымал тележүргізуші қазақ тілді блогерлер арасында топ жарып, Social Media Awards жүлдесін жеңіп алды.
Ең қызығы жүлдегерлерді әділ қазылар алқасы емес, желідегі оқырмандар анықтаған. Яғни, үздік болып лүпілдері мен қаралым саны ең көп болған блогерлер танылды.
Ләйлә Сұлтанқызы парақшасында өзінің жеңімпаз атануына себепкер болған желі қолданушыларына алығысын білдірді.
"Бүгін Қазақстан медиа альянсы еліміздегі үздік блогерлер мен вайнерлерді Social Media Awards сыйлығымен марапаттады. Оқырмандардың қаралымы мен лайктары бойынша 15 аталым табыс етілді. Олардың қатарында мен де бармын. ⠀ Қоғамда болып жатқан жағдай мені бей-жай қалдырмайтыны рас. Айтқанның бәрі оратор, жазғанның бәрі блогер емес. Десек те, мақтап берген мадақтарыңыз клавиатурамның сенсорлығын күшейтпесе, кемітпейді. Сыйыма себепкер болған сізге рақмет, 2 086 062 оқырман.2 млн көзқарас пен пікір, 2 млн тағдырдың алдындағы жауапкершілігімді сезінемін және сеземін" , - деп ағынан жарылды тележүргізуші.

01 қараша 2018 ж. 800 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам