Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТӨРЕҒАЛИ КӨЛІК РӨЛІНЕ НЕЛІКТЕН ОТЫРМАЙДЫ?

ТӨРЕҒАЛИ КӨЛІК РӨЛІНЕ НЕЛІКТЕН ОТЫРМАЙДЫ?

   Таяуда Төреғалидің кішкентай қызын көлік рөліне отырғызған видеосы желіде қызу талқыға түскен еді. Көпшілік әншіні кезекті рет заңсыздыққа жол берді деп айыптаған болатын. Ал елдің талқысына түскен ролик отбасылық демалыс кезінде түсірілген екен. Ал Төрештің өзі шебер жүргізуші екенін алға тартқан еді.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Жақсы үйретемін. Мен қасымда жүрген балалардың барлығына көлік айдауды үйреткенмін. Сенбесеңіздер өздерінен сұраңыздар. Солардың айдау шеберлігіне қарап, менің қандай ұстаз екенімді көресіздер деп отырсаң, иә?” – деп қалжыңдаған еді Төреғали.
Десе де, Ұлы дала баласы көлік рөліне көп отырмайтын болып шықты. Себебі сан мәрте көлігін соқаннан кейін қорқып қалған.
“Мен көліктің техникасын түсінемін. Айдағым келеді. Бірақ ойланып отырамын да, тарс ете түскен кезде барып машина айдап отыр екенмін ғой деп, сөйтіп соғып-соғып кейін отырмайтын болдым”, – дейді Төреғали.
Ал Айқын Төлепберген танымалдылығын елеп-ескермейтін тәртіп сақшыларына өкпелі.
“Таныса да танымағансып түр жасап алады да. Кешіріңіз аға, лейтенант Мылтықбаев, құжаттарыңызды көрсетіңіз. Ааа мына жерде бүйтіп тастапсың, анау-мынау деп”, – дейді Айқын Төлепберген.
“Егер дұрыс емес болсам, онда штрафтарын жазып береді. Жазылғанын аламын. Міндетті түрде айыппұлды төлеймін”, – дейді Тамара Асар.
06 қараша 2018 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (1488)

13 қараша 2018 ж.

№85 (1487)

10 қараша 2018 ж.

№84 (1486)

06 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 983 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам