Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сахнада сүрінген Тамара Асарға Мейрамбек Бесбаев көмекке келді (видео)

Сахнада сүрінген Тамара Асарға Мейрамбек Бесбаев көмекке келді (видео)

   "Жігіттер" квартетінің 15 жылдық жеке кешінде ән айтқан Тамара Асар сахнада құлап қалған. Сахнаға сүрінген әнші аяғын қайырып, орнынан тұра алмай қалған сәтте Тамара Асарға Мейрамбек Бесбаев қол ұшын созған деп жазады NUR.KZ.
Әнші өзінің ыңғайсыз жағдайға тап болғанын Instagramпарақшасында жазып, көпшілікке болған оқиғаны түсіндіріп берген.
"Сахнаның еденіне шашылған конфетиге сүрініп, отыра кеттім. Өзім тұрып кетейін десем, аяғым қайырылып ауыртып тұр. Оқыс қозғалыс жасасам, оны зақымдайтынымды білдім. Тренерім үйреткен нәрселерді жасап, халыққа қарап қолымды соза беріппін.Сол сәтте Мейрамбек Бесбаев келіп, қолтығымнан демеп жіберді. Орнымнан тұрғызғаннан кейін бетімнен сүйіп жатыр. Халық та ду қол шапалағын соқты. Қатты қорыққаннан жылағым келіп кетті", - деп ағынан жарылды Тамара Асар.
Айта кетейік, Тамара Асар 20 жасында жантүршігерлік жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған. Жасанды аяқтың көмегіне жүгінген әнші орнынан қайта тұрудың қиын болғанын жасырмай айтып берді.

06 желтоқсан 2018 ж. 722 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 123 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам