Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алматыда жантүршігерлік апаттан аман қалған актриса есін жиды

Алматыда жантүршігерлік апаттан аман қалған актриса есін жиды

   Айзада Сатыбалдиеваның әріптесі Шолпан Елгезекова сол көлік апатынан көз жұмды, онымен бірге тағы екі адам ажал құшты.
Алматыда ірі жол-көлік оқиғасынан аман қалған Айзада Сатыбалдиева есін жиды. Актрисаның денсаулық жағдайы туралы Алматы денсаулық сақтау басқармасы айтты.
Сатыбалдиеваның жағдайы орташа ауыр күйінде қалып отыр.
"Науқас қазір жедел жәрдем ауруханасының травматология бөліміне ауыстырылды. Жағдайы орташа ауыр ретінде бағаланып отыр", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Актриса Айзада Сатыбалдиева өткен жылдың желтоқсан айының соңында Алматыдағы Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған жантүршігерлік апаттан жалғыз өзі аман қалды. Жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде актриса Шолпан Елгезекова бар.
Куәгерлердің айтуынша, ішімдікке сылқия тойып алған Gelandewagen көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Күдікті қамауға алынды. Құқық қорғау органдарындағы дереккөз Sputnik Қазақстанға ұсталған адам ірі өндірістік компанияны басқаратынын хабарлады.
09 қаңтар 2019 ж. 946 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (1545)

18 маусым 2019 ж.

№45 (1544)

15 маусым 2019 ж.

№44 (1543)

11 маусым 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 822 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам