Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Танымал әнші темір торға қамалды

Танымал әнші темір торға қамалды

   Жаға ұстатарлық жаңалық. Қазақ келіндеріне өсиет айтып келген әнші Гауһар Әлімбекова сотталды.
Қазақстандық танымал әнші істі болды. Әнші Гауһар Әлімбековаға қатысты сот отырысы өтіп, жаза тағайындалды, деп хабарлайды 31 арна.
Інісі мен сіңлісі әншіні ақталады деп сенген еді. Әнші алаяқтығы үшін істі болды. Алматы қаласы Алмалы аудандық сот шешіміне сәйкес, әнші 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот заңды күшіне енді.
Жәбірленуші Бақыт Назарова мен Гаухар Әлімбекова 15 жылдай жақын құрбы болған. Әнші құрбысынан 40 мың доллар ақша алып, Алматының “Ақкент” тұрғын үй кешенінен пәтер алып беруге уәде берген. Алайда сол күйі ақшасын да қайтармай, үй де алып бермеген.
Жәбірленуші қаражатты тауып беру үшін көлігін сатып, несие алғанын айтады. Ол моральдық өтемақы ретінде 51 мың доллар мен 10 млн теңге талап етті. Сот оны ішінара ғана қабылдады. Айыпталушы жәбірленушіге 40 мың долларды қайтаруға міндеттелді.
“Мен осы уақытқа дейін Гауһарды күттім. Пенде ғой, барлық адам қателеседі дедім, тәубесіне келер дедім. Бірақ қазірдің өзінде бұл ісіне өкінбейтініне көзім жетті”, – дейді бұрынғы құрбысы, жәбірленуші Бақыт Назарова.
Гаухар Әлімбековамен қатар “Алаяқтық” бабымен Фируза Ордабаева есімді келіншек сотталды. Прокурор Дәурен Дүнбаев сотта Гауһар Әлімбекованы 8 жылға, Фируза Ордабаеваны 3 жыл 4 айға соттауды сұрады.
Әнші сот отырысында көз жасына ерік берді. Ол сот шешіміне келіспейтінін айтты.
Сот отырысынан соң әнші тілшілерге сұхбат берген жоқ.
“Пікір айтасыз ба?Аппелляциялық шағым түсіресіз бе?” деген сұраққа “Кейін” деп жауап берді.
Бұған дейін тұрмысқа шыққан 46 жастағы әншінің жолдасымен қалай танысқанын жазған едік.
31 қаңтар 2019 ж. 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (1513)

19 ақпан 2019 ж.

№13 (1512)

16 ақпан 2019 ж.

№12 (1511)

12 ақпан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 484 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам