Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » “Армандаймын”: Мейрамбек Бесбаевтың неге жеке бейнебаяны жоқ?

“Армандаймын”: Мейрамбек Бесбаевтың неге жеке бейнебаяны жоқ?

   Соңғы кездері жастармен дуэт құрып, тіпті бірнеше мәрте бейнебаян түсіріп үлгерген Мейрамбек Бесбаевтың орындалмаған бір арманы бар. Көптің сүйікті әншісі жеке әніне клип таспалауды қолға алмақшы. Әнші осы уақытқа дейін оған уақыт таппаған көрінеді.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Жеке бейнебаян менде жоқ. Түсірмегенмін. “Музартпен” жасалған жұмыстарымыз бар ғой, Құдайға шүкір. Бірақ енді жеке түсіру ойда жоқ. Бірақ бір әніме түсіремін ба деп армандаймын. Оның қашан реті келетінін бір Құдай біледі”, – дейді Мейрамбек.
Өнер иесі клип түсірілетін әнді де таңдап қойған. Ол көпті терең ойға жетелеген “Өмір өтті зырғып ағып” әні.
“Оған сценарий де, сюжет де, бәрі ойластырылып қойған. Бірақ бір кедергі болып тұр. Сол арман болып тұр маған қазір”, – дейді Бесбаев.
Сондай-ақ, Мейрамбек ойға алған бейнебаянына қатысты жоспарларымен де бөлісті.
“Ол өлеңнің сөздері айтып тұр ғой. Әні қандай?! Екеуі бір-бірімен қабысқан. Оған шала дүние жасауға болмайды. Өмірдің қысқа екенін сол 4 минутқа үлкен сюжетпен сыйдырса деген үміт бар. Және ол клипке қазіргі жастарды емес, үлкен өмір көрген адамды түсірсем ба деп ойлаймын. Қолқа салсам деп ойлаймын, ол кісінің қазір қолы тимей жүр. Талғат Теменов ағамызға айтқанмын. Содан кейін ол клипқа Асанәлі Әшімов, болмаса алатаудай ағаларымыз түссе деп ойлаймын. Жастармен жұмыс істеген бөлек дүние. Бірақ сол әнге қатысты арманым осындай”, – дейді Бесбаев.
11 ақпан 2019 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 278 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам