Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КешYou-дің жаңа құрамы домбырада ән шырқап, көпті таңдай қақтырды (видео)

КешYou-дің жаңа құрамы домбырада ән шырқап, көпті таңдай қақтырды (видео)

   Соңғы жылдары бірнеше мәрте құрам ауыстырып, заманауи әндерді насихаттап жүрген КешYou тобының бағыты өзгерген. Жақында ғана жаңа құрамын таныстырған қыздар тобы енді халық әндерін де орындайтын сыңайлы. Телетүсірілімдерге қатысып үлгерген бикештер домбырада ән шырқап, көпті таңдай қақтырып үлгерді, деп жазады Stan.kz.
КешYou-дің жаңа құрамы Ұлттық арнаның “Таңшолпан” бағдарламасында қонақ болып, өздерін таныстырды. Олар хабар барысында домбырамен әйгілі “Есіңе мені алғайсың” әнін орындады. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған бұл туындыны кезінде Мәдина Ералиеваның орындағанын айта кетейік.
Жас қыздардың өнерін тыңдармандар да бағалап үлгерді. Елдің пікіріне зер салсақ, Баян Мақсатқызы бос уәде берген жоқ деп топшылауға болатындай.
“Нағыз алтын құрам деп осыны айт”, “КешYou-ге осындай әндер жарасады”, “Нағыз қазақылық, шырқа, шырқа домбыра”, “Супер”, “Дауыстары әдемі екен, қазақша бағытта дамытыңыз”, – деп жылы лебізін білдірді желі қолданушылары.
12 ақпан 2019 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1529)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (1528)

20 сәуір 2019 ж.

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 916 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам