Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Күйеу бала мен дедім": Димаштың әкесі үйленген кездегі қызықты оқиғасын айтты

"Күйеу бала мен дедім": Димаштың әкесі үйленген кездегі қызықты оқиғасын айтты


Димаш Құдайбергеннің ата-анасы "Түнгі студия" бағдарламасында қонақ болып, алғаш танысқан кезі мен үйленген шақтары туралы айтып берді. Бүгінде үш баланы тәрбиелеп өсірген Қанат пен Света Айтбаевтар 1993 жылдың тамыз айында шаңырақ көтерген. Қанат Айтбаев жүрегін жаулаған аруды ең алғаш "Қыз сыны" байқауында кездестірген, деп жазады
Stan.kz.
Бір-бірін ұнатып, біраз уақыт қол ұстасып жүргеннен кейін отбасын құрған. Ең қызығы, үйленетін кезде ауыл әжелері күйеу баланы жолдас жігітпен шатастырып алған.
"Екеуміз де өнер адамы болғаннан кейін, күйеу бала болып барған кезде үстіме концерттік киім киіп барғанмын ғой. Қолымда домбыра. Қасымда Әділбек деген жолдас жігіт бар. Ол қара костюм, ақ көйлек, галстукпен келген", - дейді Қанат Айтбаев.
"Жол ұзақ. Күйеу жігіт кешігіп жатты. Ауылда апалар құмалақ ашып кетті. Жақындап қалды деп қояды. Сөйтіп тұрған кезде ауылға көлікпен жігіт жолдас кіріп келеді. Құмалақ тастап отырған апалардың бәрі қара костюм киген жігітті күйеу бала деп ойлап, Әділбекті құшақтап, Қанатқа ешкім қарамаған", - деп жалғады оның сөзін Света Айтбаева.
Күйеу жігіт ұзақ кідірместен ақ жаулықты әжелерді өзіне қаратқан.
"Апалар, - дедім, бәрі жалт қарады. Күйеу бала мен, - дедім. Шөпілдетіп жолдасымды сүйіп жатқан жерінен бәрі маған келді", - деп күлді Қанат Айтбаев.
"Не дейді құрысын, домбыра ұстап келгенге тойға өлең айтуға келген бала ма десек деген еді", - дейді Света Айтбаева.
08 наурыз 2019 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 612 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам