Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Сақалға бола сектаға қоспа» Балғынбек Имашев сырын айтам деп шынын айтты - видео

«Сақалға бола сектаға қоспа» Балғынбек Имашев сырын айтам деп шынын айтты - видео

    Балғынбек Имашев Жүрсін Ерманға бір топ айтыскердің өкпесін жеткізді. Белгілі айтыскер Балғынбек Имашевтің әріптесі Айнұр Тұрсынбаеваның шығармашылық кешіндегі айтысы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсіп жатыр.
Видеода Балғынбек Имашев өлең жолдарын бүгінде хитке айналған "из 90" әніне салып айтады.
"...Жүрсіннен бөлінді топ бала, Ішінде Айнұр бар, опана. Одақтан мені, Шығарып таста, жаланы Жүкең жабады босқа. Сақалға бола сектаға қоспа. Біз ханафимыз из девяноста!", - деп өлеңдетті ол.
Негізі бұл шығармашылық кешінде жылан сыйлағаны үшін өзіне ренжіген Айнұрға Балғынбектің берген жауабы екен.
"Жыланнан қорықпа, денеңді бос ұста, сыйлықты саған, бермедім босқа. Айнұрды мәңгі, баладым досқа. Бұл менің кобрам, из девяноста!",- деп бастаған өлеңін Балғынбек ары қарай сарказммен жалғастырады.
Оның пікірінше, айтыста жүрген көп ақын қазір қатты өзгерген.
"...Ол кезде Мэлс Оралдан еді, Дәулеткерейлер оралман еді, Айтыстың сәні Ақмарал менен Кәрима апам, Оралбай еді. Аманжолдарда мақам боп еді, Мұхаммеджанда сақал жоқ еді, Бекарыс киллер аттанған еді, ал Серікзатта атақ жоқ еді", - деп жырлайды ақын.
Айта кетсек, Айнұр Тұрсынбаева жақында сахнада 25 жыл толуына орай шығармашылық кешін өткізген болатын. Кешті Балғынбек Имашев пен Сара Тоқтамысова жүргізді.
sputniknews.kz

15 наурыз 2019 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 612 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам