Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘНШІ БҮРКІТ ФИЛЬМ ТҮСІРГЕНІ ҮШІН АЙЫПТАҒАНДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

ӘНШІ БҮРКІТ ФИЛЬМ ТҮСІРГЕНІ ҮШІН АЙЫПТАҒАНДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

  Отандық режиссерлар бір шаңырақ астында бас қосып, жаңа картиналарын таныстырды. Олардың арасында кино түсіремін деп, сынға ұшыраған әнші Бүркіт те бар. Сонымен, қазақстандық көрермен жақын арада қандай туындыларды тамашалай алмақ?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Криминалды драма, комедия, мелодарама, экш, анимациялық фильм. Алматыда киногерлер қауымы, сан-түрлі жанрдағы картиналарының алдын-ала таныстырылымын өткізді. Кинокешке қатысқан актриса Айнұр Ілиясова, үлкен тізімнен тамашалайтын туындысын күні бұрын таңдапты.
“Енді бар киноның ішінен «Бойжеткен» деген кино ұнады өзіме. Өйткені бұл фильмнің жастары өте дарынды, талантты балалар. Екінші бұл «Неделимое» киносы. Бұл жердегі ұнаған нәрсе, актерлік состав. Өте үлкен, мықты-мықты актерлер бұл киноға түсуде. Соны көргім келеді өз басым”, – дейді актриса Айнұр Ілиясова.
Талай телехикаяларда төбе көрсетсе де, үлкен киноға енді қадам басқан Анара Батырхан, атаулы шарада белсенді. Қылт еткен әр бейнекамера алдында, өзінің дебюттық «Инстаграмщица» картинасын келістіріп жарнамалады.
“Біз мынандай фильм дайындап жатырмыз. «Инстаграмшица» фильмінде тек комедия жанры ғана емес, дарама жанры да көрсетілетін болады. Барлық білген, жасаған еңбегімнің бәрін, осы филмге салдым десе де болады. Бұл фильм менің балам сияқты”, – дейді Анар Батырхан.
Жас актриса туындысын сәбиіне баласа, әнші Бүркіт өзінің«Логово» картинасын түсіру үлкен арманым болатын дейді. Жаңадан режиссер атанған ол, көптің кей сынына әжептәуір шамданған.
“Енді режиссер ретінде, кебіреулер ойлады осы әншілер киноға да, эстрадаға да барады деп. Осылардан басқа ешкім жоқ па деп. Жоқ, бұл жан дүниемнің талабы. Мысалы біз кино түсіріп жатсақ, оған ақша құйып жатырмыз, жұмыс орындар беріп жатырмыз”,- дейді Бүркіт.
Бүркіт мұнысымен тоқтамақ емес. Отандық картиналар санын өсіруге барымды саламын деп құлшынып отыр.

http://stan.kz/
17 қараша 2017 ж. 855 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 226 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам