Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ғалымдар мезгілсіз өлімнің алдын алатын бірден-бір әдісті атады

Ғалымдар мезгілсіз өлімнің алдын алатын бірден-бір әдісті атады

   Бұл әдіс адам ағзасын түрлі созылмалы дерттерден де сақтайды. Ұлыбритания ғалымдары аптасына екі рет спортпен шұғылдану мезгілсіз өлім қаупін айтарлықтай азайтатынын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости MedicalXpress порталына сілтеме жасап.
Мақалада жазылғандай, көптеген адамдар жұмыс күндері дене шынықтыруға мән бермей, жаттығуды сенбі немесе жексенбі күндеріне қалдырады. Осы уақытқа дейін ғалымдар мұны құптамайтын, алайда ұлыбританиялық мамандар демалыс сайын спортпен шұғылдану ағзаға жағымды әсер ететінін анықтапты.
Ғылыми топ 63 мың адам туралы деректерді саралады. Олардың бәрі аптасына екі рет спортпен шұғылданған: 150 минут байыппен дене жаттығуларын жасау немесе 75 минуттық интенсивті жаттығу. Белгілі болғандай, мұндай физикалық жаттығулар мүлдем спортпен шұғылданбайтын адамдармен салыстырғанда мезгілсіз өлім қаупін 30 пайызға төмендетеді екен.
Бұдан гөрі спортпен жиірек айналысу әрі жаттығу ұзақтығын қысқарту ағзаға жақсы әсер етеді, деп санайды зерттеушілер. Тіпті аптасына 150 минуттан аз дене шынықтырумен айналыссаңыз да, созылмалы сырқаттардың алдын алуға болады екен.

13 мамыр 2019 ж. 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 278 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам