Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мейрамбек Беспаев жетім-жесірлерге әншінің көмектесуге міндетті емес екенін айтты (ВИДЕО)

Мейрамбек Беспаев жетім-жесірлерге әншінің көмектесуге міндетті емес екенін айтты (ВИДЕО)

   Өмірде әр адамның өз миссиясы бар деген ол әншінің мақсаты халықтың мұң-мұқтажын ән арқылы жеткізу екенін алға тартты, – деп жазды sn.kz. Атақты әнші, «МузАрт» тобының мүшесі Мейрамбек Беспаев «Хабар» арнасындағы «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында өнер адамдарын кінәләй беретін жұртшылыққа жауап берді.

«Мысалы неге Ерке Есмахан жетім-жесірлердің бәріне көмектеспейді? Ол олай жасауға міндетті емес. Ол тығылып та сауабын жасап жүрген шығар. «Жұлдызды жекпе-жек» бағдарламасында көлік тіккенбіз. Осы көлікті жағдайы жоқтарға берсе болады ғой дейді. Не түсінік ол? Үйде отырып алып, жаза бергеннен, жамандағаннан біреулер ләззат алады екен», – деді Мейрамбек Беспаев.

Өмірде әр адамның өз миссиясы бар деген ол әншінің мақсаты халықтың мұң-мұқтажын ән арқылы жеткізу екенін алға тартты.

«Бір қиындық боп қалса өнер адамы кінәлі екен. Жыртығының барлығына сол өнер адамы бару керек сияқты. Біз өзі солай біреуден көру керекпіз. Жоқ, бұл жерде менің де кінәм бар деп айта алмаймыз», – деді әнші.

Сондай-ақ, Мейрамбек халықтан осы түсініктен арылу керектігін айтты.
«Біз жақсы нәрсе ойлауымыз керек. Менде бәрі жақсы болады деп. Сенің бақытсыз болуың басқа бақытты адамның кінәсі емес қой! Осы түсініктен арыла алмай келеміз. Әнші барлығына жауап беруі мүмкін емес қой», – деп қорытындылады «МузАрт» тобының әншісі.
juldizdar.kz

02 шілде 2019 ж. 1 903 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 786 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам