Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қайрат Нұртастың анасы даулы видео жайлы: масқаралау үшін тапсырыспен жасалып отыр

Қайрат Нұртастың анасы даулы видео жайлы: масқаралау үшін тапсырыспен жасалып отыр

    Шымкенттегі концертінде түсірілген видеосы үшін сынға ұшыраған Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова бұл жағдайды қара пиғылды адамдардың ісі деп бағалады. Бұл туралы продюсер Instagram желісіндегі парақшасын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.
Оның айтуынша, әлдекімдер даулы видео Интернетте тұруы үшін тіпті ақша төлеген.
"(...) Әрине маған ақталып қажеті жоқ, сонда да болса жұртты кері пікірге итермелеп, осы уақытқа дейінгі Қайраттың бар еңбегін жоққа шығарғылары келіп отырған топтың құлақтарына алтын сырға. Тапсырыспен Қайратты масқаралау үшін арнайы жасалынып отырған түрлі әдістері қара пиғылды азаматтар елді дүрліктіруде. Барлық уатсаптарға түгел таратылсын деген голосовой смс-тарды қаптатып жұмыс жасалуда. 24 сағат бойына интернетте тұратын болсын деп ақша төлегендерін де естідік", - деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол Tengrinews.kz сайтына берген жауабында Сакен Майғазиевтің пікір білдіргенінетоқталды.
Тengrinews.kz сайтына жауабында Сакен Майғазиев бірақ шындықты жазғанын оқыдым. Ғалия Шаудырбаева композитор, филолог, Жастар 1 телеарнасы директорының орынбасары да өз парақшасына жолдапты. Әйтеуір шындықты айтып шырылдайтын азамат-азаматшалардың барына да тәубе еттім. Абыройды берген Алла, біткен күні өзі алар. Бір Аллаға тапсырдым. Осындайда Қайраттың "Жаралы жанның әні бұл" атты әнінің сөздері есіме түседі. "Күндестің күні қоңырау, соңымнан еріп әлі жүр" деген", - деген Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың қатысқан конкурстарының видеоларын жүктеген.
"Мына Караоке де жанды дауыспен айтқан әндері, Еліміздің бүкіл конкурстарында алған жанды дауыстағы жетістіктері, жанды дауыста берген талай концерттері өтірікке жанаспайтын шындықтар, инемен құдық қазғандай еңбектерімізді, қасықтап жиған абыройымызды шелектеп шаша салуға ниеттенгендер таң қалдырмай қоймады. Біресе әр шыққан әншімен салыстыру бітпейтін шегі жоқ өсек, әйтеуір мін іздеу. Еліміздің басты мәселелері орын алып жатқанда, Қайрат кімнің қытығына тиді екен? Адам өлтіру, қыз зорлау, ұрлық жасау мұның қасында түк болмай қалғандай, бүкіл уатсапқа таратылсын деп дүрліктіріп әлек. Әрбір істің артында қайыры бар демекші, Алла қайырын берсін!", - деп қорытындылады сөзін Гүлзира Айдарбекова (грамматикалық стилі сақталған).
  Айта кетейік, мұның алдында белгілі әнші Сәкен Майғазиев мұндай жағдай бес-алты жыл бұрын Витастың өмірінде болғанын және әнді айта алмайды деп кінә тағу ағаттық болып саналатынын айтқан. 
Әншінің арт директоры Мира Келімбетова болса бұл жағдайды "қаскөйлер оның атын қаралағысы келеді" деп баға берген еді. 
Еске салайық, Желі қолданушылары қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртасты Шымкентте ән айтып тұрған видеосынан кейін сынап тастаған еді. Ролик Шымкентте маусым айының соңында түсірілген. Бұл концерттік бағдарламада әнші "Сенің туған күнің" әнін орындаған. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған видео кадрларынан оның нотадан ауытқығанын байқауға болады.
09 шілде 2019 ж. 1 052 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 465 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам