Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Емші бала Ерболсын тойларда әнді тегін айтатын болып шықты: Ол енді емшілігін тастай ма

Емші бала Ерболсын тойларда әнді тегін айтатын болып шықты: Ол енді емшілігін тастай ма

   Халық арасында Үкілі бала есіммен танылған аралдық емші Ерболсын Серікбай жақында ғана парақшасына тойда ән айтып тұрғанын жүктеген еді. Жұрттың көкейін емшілікті тастап, тойда ән айтып кетті ма деген сұрақ мазалады. Расында Үкілі бала емшілікті тастады ма, бір тойға қаншаға шығады? Бұл туралы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Қазіргі таңда "Емдеу ісі" мамандығы бойынша білім алып жатқан Ерболсын емшілік өзіне Алладан берілген бақ деп біледі. Және оны қалаған уақытында тастап кете алмайтынын айтады. Инстаграм парақшасына тойда ән айтып тұрған видеосын жүктеген сәттен бастап емшілікті тастап кеттің ба деп сұрайтындар көп көрінеді. Осы сұрақты өзіне қойғанымызда:
"Тойларда ән айтып шықпаймын. Әнші емеспін. Туысқандарымның ғана  тойларында ән айтамын. Туысқандарымның тойында айтатын болғандықтан ешқандай ақша алмаймын. Емшілікті әлі күнге дейін жалғастырып келе жатырмын. Түсінбейтінім емшілікті неге бірден тастады деп ойлайсыздар?!",- дейді емші бала.
Мүмкін келешекте өнер жолын таңдап кетерсіз деген сұрағымызға:
"Өнер жолына түсетін ойым жоқ. Тек ғана хобби ретінде ән айтамын", - деп кесіп айтты.
Ерболсын бойындағы емшілік қасиет ата-бабасынан емес, Алладан қонғанын айтады. "Осыны түсінбей, қаралауға, күйе жағуға асығып, қасиетіме күмәнмен қарайтындар көп" дейді.
"Көзімді ашқалы адамдарды емдеп, қарап келе жатырмын. Емшілік киім емес. Кез-келген уақытта шешіп тастап, ақша керек кезде қайта киемін дей алмайсың. Бұл қасиетті "бір рет кидім" ба, оны "шешпеймін". Неге десеңіз, бұл Алланың бергені. Басыма қонған бағым. Осы қасиет миллиондаған адамдардың бәріне неге қона салмайды?! Мұндай бақ тек қана миллиардтардың ішінде бір адамға ғана бұйырады",  - дейді өзіне және қасиетін сенімді Үкілі бала..
Басты мақсаты ретінде тек қана ақша табуды көздеген емшілер туралы Ерболсын: "Қазір біліксіз, істің байыбына бара бермейтін "емшілер" нағыз емшілердің абройына кір келтіреді. Сондайлардың көбісі «жындар, шайтандар. Бұған бармаңыздар» деп айтады. Бұлай жамандап, біреудің күнәсіна батуға болмады. Көзіңмен көріп барып, нақты дәлелдермен айтсын. Ал сырттан отырап алып жамандау-күнә", - дейді.
Алладан келген емнің тек себепкері екенін айтып түсіндірген Ерболсын емшінің бойына тағы да басқа қасиеттер қонатынын айтады:
"Емге келіп жатқан адамдардың балалары жүре алмай келіп, жүріп кетеді. Ол менің емес, Алланың арқасы. Олар Алладан сұрап келеді. Мен себепшімін. Құран оқып, дем салып жіберемін. Барлық көмек Алладан. Емшілік қонған адамның бойында одан өзге әншілік, өлең жазу  деген сынды қасиеттер болады. Өз бойымдағы қасиетті тек емшілік немесе бақсы, көріпкелділік деп айта алмаймын. Қазіргі мен ұстанатын жол: дәрігерлік пен емшілік. Екеуін қатар алып жүрмін. Кейбір ауруы бар адамдарға дәрілер де жазып беремін, сүре оқып, дем саламын, ине салып, хиджама да жасаймын. Соның барлығын бір арнада тоғыстырып жүрген адаммын. Оны жаман нәрсе деп қабылдай алмаймын. Керісінше, адамдарға көмегім тиіп жатса, неге істемеске?", - деген пікірде ел аумағында кең танымалдылыққа ие болып үлгерген жасөспірім.
"Баласы жазылып кеткен ата-ана Аллаға шүкірлік айтып, көзіне жас алып жатады. Бұл - үлкен сауап. Көре алмайтын адамдар білмей жатып тон пішуге даяр. Мен көріпкелдер мен экстрасенстерге сене бермеймін. Аллаға серік қосу деген сол болады. Құранмен емдейтін емшілік пен медицина жолын қатар ұстайтын адамды өте қатты құрметтеймін", - деп Ерболсын емшілік жолдың харам емес екенін айтады.
Сондай-ақ дәстүрлі медицина мен халық емі бір-біріне қарама-қарсы нәрсе емес па дегенге қатысты ол: "Ешқандай қарама-қарсы келетін тұстары болмайды. Өйткені мен Құран-Кәріммен емдеймін. Менің ойымша медицина мен қазақы ем бір-біріне қарсы келмейді.  Емді ата-бабамнан деп емдейтін кісілердікі қарсы келуі мүмкін" - деп жауап беріп, ғылыми медицина мен бойына қонған қасиетін ұштастыратынын айтты.
"Ең бастысы мен ешкімге құмалақ ашпаймын, ем бір Алладан, мен - себепкермін" деген Ерболсын осыдан бірер жыл бұрын, дін жолына түсіп, намаз оқығысы келетінін, бірақ реті болмай жүргенін айтқан еді. Бұған қатысты жас емші: "Намаз оқымай жүргеніме емшілігімінің қатысы жоқ. Қазір медицинада оқып жатқан соң қолым тимейді. Күнделікті шаруа мен жұмыстан босамаймын. Оқуды бітіргеннен кейін міндетті түрде оқимын", - деп жауап берді.


19 шілде 2019 ж. 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 465 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам