Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Қайта-қайта талып қалып жатыр": Бағлан Әбдірайымов мұқтаж отбасыға пәтер мен көлік сыйлап қуантты

"Қайта-қайта талып қалып жатыр": Бағлан Әбдірайымов мұқтаж отбасыға пәтер мен көлік сыйлап қуантты

    Бағлан Әбдірайымов мұқтаж отбасыға пәтер мен көлік сыйлап қуантты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі өнер иесі желідегі парақшасында ұтыс ойынын ойнатып, екі мұқтаж отбасыға пәтер мен көлік тарту еткен. Бұл туралы өнер иесінің өзі желідегі парақшасында жазба қалдырып, жасалған еңбек мұқтаж отбасына қуаныш сыйлағанын айтты. Өзінің альбомын сатып алған тыңдармандар арасында кішігірім ойын ұйымдастырған өнер иесі де қуанышын жасыра алмаған. 
"Бүгін, абыроймен іс-шараны өткізіп алдық. Бір күлдік, бір қуандық, бір жыладық. Эмоцияға толы күн болды. Сенім артып, альбомымды алып, ұтысты болған жандарды құттықтаймын! Біз бәріміз ұттық. Суреттегі 6 баласы бар Толқын атты анаға үй алып бердік" - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.
Өнер иесі ұтыстың шын мұқтаж жандарға бұйырғанына дән риза. Осылайша әнші адамдарды армандап, шын көңілмен ниет етуге шақырды. 
"Пәтер алған жас ана да, "тайота ленд крузер 100" алған Бибүгіл ханым да шын Алладан тілеп, армандап бүгін бір жақсылыққа қол жеткізді. Осы залда тұрып елдің көзінше шын мұқтажға бұйырсын деп тіледік, қабыл болды " - дейді Бағлан Әбдірайымов. 
Желідегілер де қалыс қалмай, өнер иесіне алғыстарын жаудырған. Тіпті көлік ұтып алған келіншектің көршілері, шын мұқтаж адамға бердіңіз деп пікір білдіріп, рахметтерін жеткізген 
"Алла разы болсын сізге. Менің көршім Бибігүл әпке бүгін сіздің ұтысыңызды алды. Ол кісі тағдыр тауқіметіне ұшырап, қиындық көп көрген кісі. Корея еліне жұмыс істеуге кетіп бара жатқан. Бүгін барып билетін өткізді. Өз-өзіне келе алмай, қайта-қайта талып қалып жатыр. Ол кісінің тағдыры кино ғой", - деп жазып, алғыс айтты желі қолданушыларының бірі. 
26 шілде 2019 ж. 968 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 473 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам