Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Полицей көлікке отырғызып, қылмыңдай бастады": Айсәуле Бақытбек ІІМ-ге үндеу жолдады (видео)

"Полицей көлікке отырғызып, қылмыңдай бастады": Айсәуле Бақытбек ІІМ-ге үндеу жолдады (видео)

 Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек зорлауға қатысты заңдағы өзгерістермен еш келіспейтініне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Біз заманауи әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бірақ зорлауға қатысты заңды өзгерткеніне 20 жыл толады. Осы кезде оны ауыр қылмыс түрінен орташа ауыр қылмыс түріне ауыстырған болатын. Меніңше, бұл нағыз айуандық. Қосылып бір әйелді зорлаған жолсеріктер туралы естіген шығарсыздар. Осы үшін оларға екі жарым жыл берген екен. Бұл дегеніңіз – олар мерзімінің жартысын өтеп біткен соң, шартты түрде босатылады деген сөз. Топтық зорлау болып тұрғанда қалайша бұлай болуы мүмкін екенін түсіне алмай отырмын», - дейді Айсәуле Бақытбек. 
Әрі қарай ол Медеу мұз айдынында болған қыз зорлау ісін еске алды. Мұның алдында да қыз зорлағаны үшін ұсталған азаматқа 3,5 жыл ғана берілген болатын. Мұнымен қатар, ол өзіне қатысты полиция қызметкерлері тарапынан оғаш әрекет көргенін айтты. 
«Мен де көп адам секілді органдарға деген сенімімді жоғалттым. Менің өзім олардың тарапынан жаман қарым-қатынас көрдім. Мені полиция қызметкерлері ұстап алған кез болды. Олар мені ешбір себепсіз тоқтатып, кейін көлікке отырғызып, қылмыңдай бастады. Бұл оқиға бірнеше жыл бұрын болды. Ол кезде қазіргі күйеуім мемлекетте болмаған еді. Ал мен кішкентай ғана, нәзік қызбын. Өз елімде тұрып өзімді қорғансыз сезіндім. Погондағы азаматтың жанында отырып өзімді осылай сезіндім. Менде сөз жоқ», - дейді Айсәуле Бақытбек. 
Продюсердің қызы сол сәтте мінез танытып, өзін қорғай алғанын айтады. Сондай-ақ, оған шетелде жүрген жігіті көмектескен екен. Полицей бойжеткеннің қазіргі күйеуімен сөйлесе салысымен, оны бірден жіберген. 
«Кешірім сұрады. Мен не істейтінімізді білмеймін. Бірақ бірге қандай да бір өзгерістерге қол жетізе алатынымызға сенімдімін. Біз ең жақсыға лайықпыз. Өз мемлекетімізде жүріп біреуден қорықпауымыз керек деп ойлаймын. Бізді қорғайтын адамның бар екеніне сенімді болуымыз керек. Біз қорғайтын адам тек жігітіміз болмауы тиіс.
Бұл – мемлекет болуы керек. Мен өзімді мемлекетімнің қорғайтынын білуім керек. Осы видеоны Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді. Ол кісі «Әйел болу тағдыр емес, бұл үлкен парыз. Ер азамат ретінде біздің міндетіміз – оларға қамқорлық көрсету» деген болатын», - деп қорытты сөзін Айсәуле Бақытбек. 
Естеріңізге сала кетсек, жуырда әнші Ксения Ашиғалиеваның өзін 7 жыл бірге тұрған күйеуінен қорғауды өтінгені туралы хабарлаған едік. 
02 тамыз 2019 ж. 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 928 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам