Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Өзімді жек көрдім": Қайрат Әділгерей қалай "Түнгі студияның" жүргізушісі атанғанын айтты

"Өзімді жек көрдім": Қайрат Әділгерей қалай "Түнгі студияның" жүргізушісі атанғанын айтты

   Танымал отандық әзілкеш Қайрат Әділгерей "Түнгі студияға" қалай келгенін баяндады. Бағдарламаны белгілі әріптесі Нұрлан Қоянбаевтан кейін жүргізген ол ең алғашқы эфир кезінде өзін жеккөргенін де айтты деп жазады Youtube желісіндегі "ZhenisShow" бағдарламасына сілтеме жасағанKAZ.NUR.KZ.
Сұхбат кезінде Қайрат Әділгерей алғашқы эфирі кезінде алған әсерімен бөлісті.
"Мен үшін "Түнгі студия" шығармашылық жолымда да, өмірімде де үлкен белес болды. Мен бұл бағдарлама жабылады деген сияқты қауесеттерді естідім. 2018 жылдың қаңтар айында мен Әсел Сәдуақасованың киносында түсіп жатқан болатынмын. Сол кезде маған ұлттық арнаны продюсері Қуаныш Сұлтанов хабарласып, Ерлан Тынымбайұлы Қарин ертең мені өз қабылдауында көргісі келетінін айтты. Шұғыл шаруа деді. Мен түсірілімнен бір күнге сұранып, таңда ұшып кеттім.Сосын, Қуаныш екеуміз Ерлан Тынымбайұлына кірдік. Ол кісі біраз әңгімесін айтып, соңында маған "Түнгі студяины" жүргізуді ұсынды. Мен түсінбей қалдым, таңғалдым. Қорқыныш болды. Өйткені, футбол әлемімен салыстырсақ, Қоянбаев - Месси немесе Роналду. Ондай білікті адамдарды алмастыру кімге де болсын қиын. Оның үстіне бұл бағдарлама бес жыл бойы көрермендер көзайымына айналған, Қоянбаевтың жүрегінен өткен" , - деп бастады Әділгерей.
Әзілкеш бағдарлама жүргізушісі болуы үшін ұсынысқа ұсыныс тастаған. Алайда айтқан идеялары жүзеге аспаған екен.
"Шынымды айтайын, ұсынысына ұсыныс тастадым. Онда Қоянбаев мырза анонс берсін, соңғы бағдарламаға мені қонақ ретінде шақырып таныстырсын дедім. 15 минут сұхбаттасып, өз орнын маған табыстап кетсін дегенмін. Сол кезде маған да, халыққа да оңай болатын еді. Қоянбаевтың қойып кеткен жүргізушісі болатын едім. Өзімді ойладым. Бірақ, олай келісілмеді.Онда бірінші қонақ ретінде Нұрлан Қоянбаевты шақырайық деген ұсынысты тастадым. Тағы да үйлеспей қалды", - дейді Қайрат Әділгерей.
Сұхбат барысында әзілкеш, алғаш рет бағдарлманы жүргізген сәтін, алты ай бойы желідегі пікірін оқымаған күндерін еске алды.
"Бірінші бағдарламада өзімді жек көрдім. Аузымнан шыққан сөздер үйлеспейді. Көңілім толмайды. Өйткені, мен өзім сол бағдарламаға жету үшін жылжарым армандағанмын. "Неге мені қонақ ретінде шақырмайды" деп ойладым. Тіпті, мақсат қойдым. Неше түрлі адамдарға шықтым. "Түнгі студияға шақыра алады ма мені?" деп. Өтпеді. Кейін сенбілік шоудан кейін шақырды. Бақыт Тұрманды ертіп бардық.Енді күнде көріп жүрген бағдарламада мен шығып, "біз бастаймыз" дегенде өзімді жеккөрінішті сезіндім.Бірінші эфир жүрмеді. Шынымды айтайын, менікі емес, неге келістім? деген ойлар болды. Қорқыныш қой. Бірінші бағдарлама тәлтіректеп, жаңа туған бұзаудай болдық. Үшінші бағдарламада арқам төселіп алған, Баян Мақсатқызы келді. Содан кеттік қой.Бірақ, өтірік емес, бастапқы алты ай әрбір эфир мен желідегі өз жазбаларымның астындағы пікірлерді оқымадым. Кез келген адамның сөзі мені сындырып тастайтындай болды" , - деді әзілкеш.

07 тамыз 2019 ж. 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

№77 (1576)

05 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 403 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам