Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Баян Алагөзованың қызы мен күйеу баласы мас күйінде көлік жүргізгені үшін куәлігінен айырылды

Баян Алагөзованың қызы мен күйеу баласы мас күйінде көлік жүргізгені үшін куәлігінен айырылды

  Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек 2018 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Енді оның күйеуі Әлішер Қайдаров биыл дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін куәлігінен айырылды.
Сот актілері банкіндегі құжаттарға сәйкес, Бақытбек Айсәуле Бақытбекқызы, 2018 жылдың қысында Алматыда Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытқа Toyota көлігін айдап келе жатқанда оны полиция тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Айсәуле Бақытбек орташа дәрежеде мас күйінде болған. Соған сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Сот қаулысымен Алагөзованың қызы кінәлі деп танылып, үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
"Іс материалдары сотқа түсініксіз себептер бойынша А.Бақытбектен алынған жүргізуші куәлігінің қайда екендігі туралы ақпарат жоқ.
Айсәуле Бақытбектің күйеуі Әлішер Қайдаровқа келер болсақ, ол 2019 жылдың басында көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Іс материалдары бойынша, 08.23.1995 жылы туған Қайдаров Әлішер Ерболұлы мас күйінде «Мерседес-Бенц GL400» маркалы көлігін жүргізген. Оны Қажымұқан көшесімен батыс бағытқа қарай Назарбаев даңғылымен қиылыста жол полициясы тоқтатты.  Оған хаттама толтырылды. Жүргізуші куәлігі іс құжаттарына енгізілмеген.
Қайдаров сотқа келмеді. Бұл іс материалдарындағы түсініктемелерде оның сыра ішкендігі айтыоды. Алагөзованың күйеу баласы да үш жылға құқығынан айырылды.
07 тамыз 2019 ж. 615 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 925 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам