Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Аян берді": Сиви Махмұди бойында тылсым қасиеті бар екенін айтты

"Аян берді": Сиви Махмұди бойында тылсым қасиеті бар екенін айтты

Сиви Махмұди бойында тылсым қасиеті бар екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Танымал әнші бұл қасиеттің кішкентай күнінен-ақ байқалғанын ашық айтты. Оның сөзінше, ерекше дарын оның бойына туғандарынан қонған. Тіпті бір әпкесі, бала күнінде әншіге бойында тылсым күш болатынын ескерткен көрінеді. Қазіргі таңда, Сиви Махмұди үйін де өзі аластап, тазалық жүргізеді екен.
"Кішкентайымнан жүкті әйелдерге сен ұл, сен қыз туасың деп айтады екенмін. Сөйтіп жүріп тегін киінгенмін. Әкемнің туған әпкесі жақында өмірден озды. Сол кісі "Менде бар қасиет сенде де бар" деп айтатын. Егер үйдің ауырлығын сезініп, өзімнің, баламның мазасы қаша бастаса, отпен, тұзбен тазалаймын", - дейді Сиви Махмұди.
Сөзі дәлелді болу үшін өнер иесі бір оқиғасымен бөлісті. Сиви ханымның айтуынша бір пәтерге барып, мазасы қашқан. Кейіннен аян беріп, ол жердің лас болғанын тылсым күштер жеткізген көрінеді.
"Ән сапарда Қарағанды қаласында бір пәтерді жалға алдық. Сол пәтерге кіргеннен мазам қашты. Шыққанан кейін 2-3 күн мазам болмады. Кейін ол пәтер жақпады деп аян беріп жатыр. Ол жер харам, таза емес, лас деп айтты", - дейді Сиви Махмұди.
05 қыркүйек 2019 ж. 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 839 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам