Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мүгедек жігіт тойында ән салған: Бағлан Әбдірайымовтың жүктеген бейнежазбасы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Мүгедек жігіт тойында ән салған: Бағлан Әбдірайымовтың жүктеген бейнежазбасы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

  Бағлан Әбдірайымов желідегі парақшасына мүгедек жігіттің тойда ән салған бейнежазбасын жүктеп, жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Танымал әнші желідегі парақшасында арбаға таңылған жігіттің үйлену тойында қалыңдығына арнап ән айтқан видеосын жариялаған. Ол келіншегіне арнап жазған туындының көп орындала бермейтінін, анда-санда тойларда ұсыныс болса айтып жүргенін жеткізген. Осылайша өнер иесі келіншегіне деген сезімінің қаншалықты ерекше екенін байқатқан болатын. 
"Ән айтсаң, жаныңды жеп айтасың дегенді көпшілік түсіне бермес. Ән айту үшін тағдырыңа ұқсас, табиғатыңа сай дүние іздейсің. Жарыма деген кұрметті көп сөзбен емес, әнмен жеткізсем деп жарыққа шығарып едім. Тек соның телефон қоңырауынан ғана естіп жүріп, "жар-жар" әнінің орнына арнайы шақырып, жастарды құтты орнына қондырған сәттер болып еді", - дейді Бағлан Әбдірайымов.  
Әнші, өзінің әнін орындаған мүгедек жігіт туралы да айтуды ұмытпады. Ол өмір үшін талпыныстың қаншалықты болатынын, махаббаттың не екенін осы жазбадан көруге болатынын айтып, адамдарды мейірімді болуға шақырды. 
"Ал мына видео мүлде бөлек. Өмірге деген құлшыныс, шынайы махабатты осы жерден көре аласыз! "Үйлену үшін махабат жеткілікті. Ал оны сақтап қалу үшін, сабырлық пен кешірімді үйрену қажет" дейді. Өмірдің өзі күніге сабақ үйретеді. Нашар оқушыға ұқсап құлақ аспайтынымыз өкінішті. Барымызды бағалап, бүгінімізге қуана білейік!" - дейді Бағлан Әбдірайымов. 
09 қыркүйек 2019 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 786 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам