Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жұлдыз-жорамал 28 қазан

Жұлдыз-жорамал 28 қазан

 Балықтар. 28 қазан
Бұл белгіде туылған адамдар сырт көзге достыққа өте бейім, бауырмал көрінеді. Кез келген әділетсіздікте бар ынты-шынтысымен шындықты іздеп, бар білгенімен бөлісіп, қызу талқылаудың көркін келтіруі мүмкін. өз ойын үнемі тіке айтады. Өз қажеттілігін бірінші орынға қояды және ойының бәрі сол көздегені болады, ол кезде айналасындағыларды мүлде ойламайды. Өзінің біреуге ыңғайсыз жағдай туғызып, ренжітіп алатыны жайлы ойламайды, оны сезінбейді де.
Суқұйғыш. 28 қазан
Бір топ адамның арасынан көп сөйлемейтін адам көрсеңіз, онымен жақын араласпайынша, сөзге шорқақ адам деп ойлауыңыз мүмкін. Өте салмақты, көп нәрсеге былқ ете қоймайды. Сирек ашуланады, өзіне ешкімнің жөнсіз жанасқанын қаламайды. Қазбалай берсеңіз, тым қатты ашулануы мүмкін. Ашуланғанда, жолына кезіккенді қиратуы мүмкін. Бір жақсысы, бұл – өте сирек болатын жайт. Өте тартымды болады. Сүйгенін қызғанып, артынан аңду дегенді білмейді.
Тауешкі. 28 қазан
Іштей идеал болуға ұмтылады. Өмірдің мағынасын түсінуге тырысады. Үнемі ақша, атақ, байлық, махаббат жетіспей жүреді. Өзі қай жерде жоқ, сол жер керемет боп көрінеді, өзіне таныс емес жерлерді іздейді. өзінен басқа ешкімге сенбейді.
Мерген. 28 қазан
Өз үйін өте жақсы көреді, оған үлкен құрметпен қарайды. Олар өздерін ешқашан қауіпсіз сезіне алмайды. Үнемі бір нәрсе жетпей тұрады – махаббат болсын, ақша болсын, атақ болсын… оның үнемі уайымшылдығы ауруға ұласуы мүмкін. Ақша жинағанды жақсы көреді, тамақтың қалдығын да тастатпайды, тастамайды.
Сарышаян. 28 қазан
Ақшаны үнемдеп ұстай алмайды. Сән-салтанатты өмірге құштар. Қыдыру мен бір сәттік ләззатқа бар ақшасын шаша салуы мүмкін. Қанша шағым түсіріп жатса да, өмір сүруге бейімділігі өте жоғары. Барлық Арыстандар өсек-аяңға құмар. Айналасында не болып жатқанның бәрінен хабардар болып отыру керек. Табиғатынан мақсатқа ұмтыла біледі, бет алған жолынан қайтару қиын. Кейде еріншектік жетектеп, жәй жата беруі де мүмкін. Бір жұмыс істесе, төңкеріп тастайды, демалса, құмары қанғанша демалады. Өте адал дос, шыншыл,әрі өте қауіпті дұшпан.
Таразы. 28 қазан
Олар бір орында ештеңе істеместен ұзақ отыра алмайды. Махаббат пен ақшаға келгенде сараңдау. Біреудің өзіне қызмет еткенін қаламайды, сонымен қатар біреуге міндетті болғысы келмейді. Олар жалқауларды, кешіккенді ұнатпайды. Адамдардың бойынан шыншылдығын, үнемдігін, тапқырлығын, нақтылығын бағалайды. Ашық-шашық киініп, лас жүруді ұнатпайды. Дені өте сау, алайда жұмысына беріліп кетуінің арқасында жүйкесіне күш түсіріп алуы мүмкін. Басқа белгілерге қарағанда өз тағдырын бір жолға нық түсіріп, өзіне не керегін анықтай алатын ерекше белгі.
Бикеш. 28 қазан
Бұл белгіде туылған жандар өте мейірімді, бірақ, түнеріп кетуі де мүмкін. Өзіне бұйрық бергенді ұнатпайды. Өте интеллектуалды, сонымен қатар өте аңғал. Өзі сағаттар бойы қалай сөйлесе, солай сағаттар бойы тыңдай алады. Өте белсенді болғанмен, асығыс шешім қабылдауы мүмкін емес. Барлық істі тең ұстап тұрғанды қалайды. Бір көргенде сізді керемет әсерде қалдырғанмен, ол депрессияда болуы мүмкін, сыртқа білдірте бермейді. Үнемі көңіл-күйі ауысып отырады. Бір шешім қабылдау керек болса, таңдау жасауы өте қиын. Ұзақ сөйлеп, ұйып тыңдай алады, ұрысқандарды достастырып, сізбен қызу пікірталас жүргізе алады.
Арыстан. 28 қазан
Тек өзінің қамын ойлағанмен, жақындарына сөзбен де, іспен де көмек бере алады. Оларда шынайы дос та, тісін қайраған дұшпан да кездеседі. Бірақ, дұшпандарының өзі құрмет көрсетіп, жақсы пікір айтуы мүмкін. сирек қорқып, қауіпті сирек сезінеді. Адал дос бола алады. Достық үшін кез келген қиындықты жеңе алады. Өзіне жасалған жақсылықты, сыйлықты ұмытпайды, сондай-ақ біреудің тарапынан болған реніш пен сатқандықты ешқашан ұмытпайды. Кек алуды жоспарлап жүріп, орындамай қалуы жиі болады. Мақсат еткен нәрсесінің бәрі де қолынан келеді.
Шаян. 28 қазан
Өте ашық, бауырмал жандар. Бойында зұлымдық та, жаман қасиеттер сирек кездесетіндіктен ренжіп, өкпелей алмайсыз. Оның әдепсіз, жөнсіз мінез-құлқының астында көбіне мол ақыл мен қатаң ұстанымдар жатады. Өздерінің дипломатиялық адамдар екеніне Мергендердің өздері таң қалады. Олар әр ісін адал, еш арамдықсыз жасайды. 6 жасар бала секілді өте шыншыл келеді. Үнемі қозғалыста болады, жануарларды, жылдамдықты, спортты жақсы көреді.
Егіздер. 28 қазан
Күресіп, пайда таппайсыз, олар бәрібір өз дегеніне жетеді. Табыс, құрмет, билік – олар үшін сүйікті нәрселер. Ойламаған жерден сын айта салуы мүмкін. Көбіне өзіне қажетсіз дұшпан пайда болмасын деп барын салады, тіпті сіздікі дұрыс болмаса да, келісе салуы мүмкін. Қызғаншақтық, құмарлық, жалқаулық, немқұрайдылықтан өзі емес, басқалар зардап шексе деп ойлайды. Ондай адамдарға аянышпен бір қарап, ары қарай өз мақсатына жол тартып кете береді. Романтиканы жақсы көреді.
Торпақ. 28 қазан
Дос көп болмайды. Ол санға емес, сапаға назар аударады. Бұл белгідегі жандарға бір рет қызық болмай қалсаңыз, олардың қайта бұрыып қарауы екіталай. Ал шын мәнінде қызық болсаңыз, ештеңеге қарамай сіздің қасыңыздан табылады. Оларда ашуланған адамды сабырға келтіретін, жылаған адамды не баланы жұбата алатын ерекше қасиет бар. Өзін жалғыз сезінген кездері жиі және ұзақ болады, ол кездері жалғыз қалдырған дұрыс. Бір іске келісім жасарда ешкім ешкімге қарыз, міндетті болмай, ортақ мәмілеге келгенді қалайды.
Тоқты. 28 қазан
Билік жүргізе білмейді, бірақ арасында шығармашылық пен әртіс адамдар өте көп. Басқа адамдарды басқару мен билікке мүлде ұмтылмайды. Ақшаға да кетәрі емес, бірақ басқабелгілерге қарағанда, Балықтар ақшаның уақытша екеніне сенеді. Олар бай болғысы келмейді, бірақ байлар сияқты өмір сүргісі келеді. Өздері түскен күймен күресуге шамалары жетпейді. Өмірдің қалай ағып жатқаныны бәрібір өзіне ешкім тиіспесе болды. Өзі туралы сырт көздің пікірі де маңызды.
28 қазан 2019 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (1589)

19 қараша 2019 ж.

№89 (1588)

16 қараша 2019 ж.

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 042 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам