Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстандық маман 2020 жыл қандай болатынын айтты

Қазақстандық маман 2020 жыл қандай болатынын айтты


Құралай Бақытқызының айтуынша, келер жыл Қазақстан үшін жағымды жаңалықтарға толы болады. Тұрмысы төмен адамдар баспаналы болып, рухани байитын жыл
Санаулы күндерден соң, 2019 жыл да мәңгі тарих қойнауына енеді. Жаңа 2020 жылдың ақ парағы ашылады. Тышқан жылының ел халқына қандай өзгерістер әкелетіні баршаға қызық. Белгілі нумеролог Құралай Бақытқызы Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында келер жылға болжам жасап, қазақстандықтарды қандай тосынсый күтіп тұрғанын айтты.

Позитивті жыл

Нумеролог 2020 жыл, жалпы алғанда, позитивті болады деп отыр. Келер жылдың басты саны 4 екен.
"Төрт – төзімділікке, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа жауап беретін сан. Адамдар өз денсаулығына мән беріп, оны жақсартуға ұмтылады. Сауықтыру орталықтары, медициналық мекемелер көптеп салынуы мүмкін. Бұдан бөлек, тұрмысы төмен азаматтардың баспана мәселесі шешіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен халыққа тұрғын үй бағдарламалары ұсынылып, шетелдік инвесторлар көп үй тұрғызады", - деді Құралай Бақытқызы.
Қазақстандықтардың еңбекке деген құлшынысы оянады. Бірнеше жұмысты қатар істеуі мүмкін. Халықтың табысы қатты өспегенімен, әр адам өзі тырмысып, еңбектенеді.
Бұдан бөлек, маманның айтуынша, адамдар рухани жағынан баюға көбірек мән береді. Біліктілігін арттыратын түрлі курстарға жазылады. Тіл үйреніп, салауатты өмір салтына бет бұрады.
"Төрт – тұрақтылық саны. Сол себепті 2020 жылы отау құратын жастардың шаңырағы берік болады. Десе де, келесі жылы адамдар үшін карьера жағын көбірек ойлайды", - деп болжады Құралай Бақытқызы.
Маман 4, негізінен, спортшылар мен журналистердің саны екенін айтты.
Нумерологтың болжамына сенсек, 2020 жылы ел экономикасында тұрақты өсім байқалады. Ауыл шаруашылығы мол жеміс беріп, экономикаға жақсы әсерін тигізеді.
Бұдан бөлек, Қазақстанның қорғаныс саласын да біраз өзгеріс күтіп тұр.
Сонымен қатар, көші-қон саласында оң өзгерістер болмақ. Қытай мен Еуропадағы этникалық қазақтар атажұртына оралуы мүмкін.

Әр айға болжам

Қаңтар – тазалық пен медицина айы. Жылдың алғашқы айында жол-көлік оқиғасы, әуе апаты жиі болуы мүмкін. Сондықтан осы айда саяхатқа шығуға кеңес бермейміз. Қауіпті.
Ақпан – салық және кеденмен байланысты ай. Осы салада қандай да бір өзгерістер орын алуы мүмкін. Әділетті ай деуге болады. Яғни, ақпан айында саясатта әділетті шешімдер көп болады.
Наурыз – әдемілік, сәулет және сән айы. Жаңа тұрғын үй бағдарламалары әзірленіп, құрылыс қарқын алады.
Сәуір – сыншыл ай. Шенеуніктер халықтан көп сын естиді. Саясатта Конституция, заңнамамен байланысты өзгерістер болуы мүмкін.
Мамыр – денсаулық айы. Медицинада кейбір аурулардың емі табылады. Бұдан басқа, латын әліпбиіне қатысты жаңалық болады.
Маусым – ІТ мен спорт айы. Ғарышкерлер, программистер мен спортшылардың айы оңынан туады. Тың идеялар мен жаңа жобалар қолға алынады.
Шілде – отбасын құратын ай. Жастар неке қиып, саяхатқа шығады. Жұмыста адамдардың қызметі жоғарылайды.
Тамыз – сауда-саттық айы. Бірақ, алаяқтық жиілеуі ғажап емес. Алдап-арбау, сатқындық көбейеді. Сондықтан абай болған жөн. Сонымен қатар, жаздың үшінші айы – ана атанғысы келетіндер үшін таптырмас кезең.
Қыркүйек – мансап қуғандар айы. Бұл айда адамдардың мансабы өсіп, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Кез келген бизнес жоба сәтті басталады. Сондай-ақ, хирургтер үшін табысты ай болмақ.
Қазан – дау-жанжал, арандатушылық айы. Адамдардың көбі жұмысында басшылығымен, әріптестерімен сөзге келіп қалады.
Қараша – мәдениет айы. Бұл кезеңде көрмелерге, музей мен театрларға жиі барған дұрыс. Адамдар өнерге, сәнге, мәдени шараларға мән береді. Археологияда жағымды жаңалықтар күтіледі.
Желтоқсан – кез келген істі аяқтау айы. Туризммен байланысты уақыт. Ел экономикасында экспорт пен импорт артады.

24 қараша 2019 ж. 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (1595)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (1594)

07 желтоқсан 2019 ж.

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 382 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам