Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мәйек деген не?

Мәйек деген не?

   Біздің ата-бабаларымыз жорықта, көші-қонда, сапарда, ыстықта, шаршап-шалдыққанда шөл қандыру үшін ұлттық сусынның талай түрін ойлап тапқан. Дастархан басында  ашық-жарқын әңгімелесіп, талай істің шешімін тапқан.
Сүт – мал баққан қазақ отбасының негізгі тағамы. Одан қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ  әзірлеген. Солардың құнарлысы – қымыз. Ешқандай сусын қымызбен теңесе  алмайды. Оның құрамы дәруменге бай.  Ол ауруды емдеп қана қоймай, оның алдын алуға көмектеседі. Ас қорытуды жақсартып, қауіпті ісікті болдырмайтын сусын бие сүтінен ашытылады.
Оның алғашқы ашытқысын «қымыздың қоры» деп атайды. Кей жерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының жамбасының жұлынды сүйегін,  не малта салып немесе бұны «мәйек» ашытқысымен ашытады. Мәйек дегеніміз – ірімшік қайнататын сүтті тез, шымыр ұйыту үшін жас төлдің жұмыршағынан жасалатын ұйытқы. Бауыздалған төлдін жұмыршағынан өңезді қырып алады. Соған азырақ айран құйып, ішекке салып шаңыраққа іліп қойса, біраздан кейін ол ашып кебеді. Осы  мәйекті жылы сүтке малып, шайқап бетін жауып қойса, сүт балдыр секілді ұйып қалады. Қазір мәйек жасау  ұмытылып бара жатыр. Оның не екенін біліп жүру қазақы салт-дәстүрге деген құрметтің белгісі.
09 қаңтар 2020 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (1605)

18 қаңтар 2020 ж.

№3 (1604)

14 қаңтар 2020 ж.

№2 (1603)

11 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 076 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам