Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Егіздер тектілік пе, ерекшелік пе?

Егіздер тектілік пе, ерекшелік пе?

Он сегіз мың ғаламды жаратушы Алла тағала әрбір тіршілік иелерін аса шеберлікпен қандай үйлесімді етіп жаратқан десең-ші. Соның ішінде адамзат баласының алар орны ерекше. Әрбір адамның қалыптасуы деңгейі әрқалай. Солардың қатарында егіздерді ерекше атап өтуге болады.
Жалпы егіздер басқалармен салыстырғанда айрықша көрінеді. Кейбір адам айырғысыз егіздер болатынын өмірде естіп те, көріп те жүрміз. Егіздердің туылуы туралы ғалымдар түрлі болжамдар айтуда. Кейбір егіздердің мінездері құбылмалы болып келеді екен. Жақын адамдарын бүгін жанына жақын көрсе, ертесіне олардың әрбір әрекетін сынға алып отырады. Кез-келген уақытта егіздердің екінші тұлғасы өзгеріп шыға келеді. Дегенмен әрқайсысы қайталанбас тұлға. Адам айырғысыз егіздер тұқым қуаламайды. Әртүрлі қасиетке ие болады. Олардың екі түрі бар. Бір-біріне қатты ұқсайтын және керсінше ұқсамайтын ағайындылар сияқты келетіндері кездеседі.
Егіздерді дүниеге әкелу қаншалықты қуанышты болса, соншалықты әйел ағзасына күш түсіретін биологиялық процес. Екі баланың салмағын қосқандағы салмақ қалыпты жағдайдағы баланың салмағынан ауыр келеді. Ондай кездерде жүкті әйелдің күтімі үнемі қадағалауда болады. Егіздердің бірінші болып дүниеге келуі ана құрсағында орналасуларына байланысты көрінеді. Олардың арасында өзара түсінікті тілі болады екен. Ел аузында егіздерді бесікке бөлегенде екі бөлмеге бөлек қойсаң соны сезіп жылайды деген сөз бар. Бет-әлпеттері мен дене пішімдері 100 пайыз ұқсас болғанымен, саусақ бедерлері бөлек болып келеді деп айтылады.
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы
Осы орайда, облыстық периниталдық орталығы директоры Гүлнар Жұмашовамен жүздесіп, тақырып төңірегінде аз-кем сұқбаттасқан болатынбыз.
– Өңірімізде бала туу көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Тиісінше егіздер де жиі туылып жатады. Өткен жылы 10434 баланың 130 – ы егіз бала болды. Ағымдағы жылдың алғашқы айында 877 сәбидің 17-і егіз болып туылды. Аналарымыз жүктілік кезінде құрсағындағы сәбиінің егіз екенін білген бойда күтімді екі есе күшейту керек. Уақытылы тамақтанып, ұйқысының тыныш болуын қадағалау қажет. Мен әуелі кеңесті босанатын ананың отбасына айтар едім. Өмірге адам әкелу оңай емес. Анаға бар жағдай жасалуы шарт. Жүктілікті сақтау үшін әйел ағзасында жеткілікті гармон болуын қадағалап тексеріп отырамыз. Көбіне әйелдердің өздері босанып жатады. Кейде балаға немесе анаға қауіп төнген сәтте ғана дәрігерлер көмегіне жүгінеді. Медицинада – жүкті әйелден екі, үш (кейде одан да көп) сәбидің туылуы кездесіп тұрады. Егізді көп жағдайда 18 жасқа дейінгі немесе 30 жастан асқан әйелдер көтереді. Егіз бала көтерудің тұқым қуалайтындығы дәлелденген. Егіз бір ұрық клеткасының немесе екі ұрық клеткасының ұрықтануынан да болады. Бір ұрық клеткасынан дамыған егіздің бір ғана бала жолдасы болады. Мұндай жағдайда бір жынысты егіз туады және бұлар бір-біріне өте ұқсас болады. Екі ұрық клеткасының ұрықтануынан болған егіздің бала жолдасы бөлек, екеуінің бірі ұл, бірі қыз немесе бір жынысты болады. Олардың ұқсас болмауы да мүмкін. Ал бірнеше ұрық клеткасынан дамыған жүктілік кезінде әйелдің жүрек, қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылады, аяқ ісініп, варикоз ауруы күшейеді, кіші дәретке баруы жиілеп, мезгілінен бұрын босанып қалуы мүмкін. Егізді ультрадыбыспен зерттеу арқылы жүктіліктің алты аптасынан анықтауға болады. Егіз балалы әйелдер ерекше есепке алынады. Егер әйелдің денсаулығы қалыпты жағдайда болса, жүктіліктің 36 аптасынан перзентханаға жатқызады. Мұндай әйелдерге айрықша қамқорлық жасалады, босанғаннан кейін егіз сәбилер мен ананың денсаулығы жиі тексеріліп тұрады. Бала өмірге келгесін 6 жасқа дейін ана сүтімен қоректенудің пайдасы өте зор. Бұл жөнінде Құран Кәрімде де жазылған. Дені сау ұрпақ - ұлт– болашағы. Осыны ұмытпауымыз абзал. Ал, егіздің туылуы бұл Алланың адамға еселеп берген теңдесіз сыйы, – дейді дәрігер маман бізбен әңгімесінде.
Егіздер ерекше көрінетінін халық айтып та, көріп те жүр. Адам айырғысыз егіздерді көргенде отбасындағылар ажырата алама екен деп таңырқайтынымыз жасырын емес. Балдардың егіз болып туылуы жаратқанның шексіз құдіретімен болатын тектілік болар. Біздікі болжам ғана.

Тұрар ШАЙДІЛДАҰЛЫ.
27 наурыз 2020 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 145 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам