Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Аңшылық

Еттің қат уақыты ма, жоқ әлде әуестік пе, Ергештің аңшылық жасап, құр қол қайтпайтынын қатындар да қаперге ала бастады. Күнде қоян, қырғауыл, үйрек әкелетініне қызыға қарайды. Содан шығар, Жарылқасын Елекеновтың әйелі бір күні тым-тырыс жатқан жолдасына: —Анау Ергеш күнде үйрек атып жүр екен. Қанжығасы майланып, үйінде күн сайын қуырдақ, ыстық сорпа болады. Жақа, сізде көл жағалап қайтсаңызшы, — деп қиылды.
Әйелдің сөзін жерге тастағысы келмей, амалсыздан мылтықты асынып, Өзгент көліне барды. Күн қасқарайып, қараңғылық жамыла бастады. Ысылдаған үйректің дыбысы көбейді. Жылдам ұшатын құс емес пе, көзі шалам дегенше төбесінен зуылдап өте шығады. Біреу кетті, екеу кетті, көздеп үлгермеді. Сосын зығырданы қайнады ма, қолын бір сілкіп, үйіне қайтты.
Не әкелдің дегендей, алдынан әйелі қарсы алды. Қолына ұстаған ештеңесі жоқ. Бос қайтқанын білді де: –Бұйырмаған екен ғой, — деді.
Сөйтсе Елекең: –Үйрек деген аспанда болады екен, мен жердемін, екі аралықтың табысуы үйлеспей-ақ қойды, –депті.

Қ.Құрбан
06 сәуір 2020 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 966 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам