Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жеті қырғауыл

Жеті қырғауыл

Қожакенттік Сағындықтың жігіт шағында аңшылыққа әуестігі болды. Бірақ аңның соңына кәсіп қылып түскен жоқ, ауыл арасындағы бұйырғанын алды. Таңертең Ергеш ағасына шығып, екі үйдің аралығында кездескен қырғауылды мүлт жібермейді. Кейде екі, кейде бір құс қанжығасына ілінеді. Әйтеуір күнде бір сорпалық несібе тиеді.
Ол кезде атыраптың ағашы қалың, кей тұсы ит тұмсығы бата бермейтін тығыз. Ортасында жалғыз аяқ жол бар. Жаяу жүргіншінің ары-бергі қатынасы осы тар жолға тиесілі. Ішінде қырғауыл мен қоян өріп жүреді. Сағындықтың несібесі осы аң-құс.
Ергешке бара жатып атып алғанын сол үйге қалдырып, қайтар жолында кездескені өзіне бұйырып отырады. Бір күні оған Ергеш ілесе шықты. Бұрын еститін еді, Ергештің нысананы көздемей қол мергендігімен-ақ қағып түсіреді деп.Бірақ өз көзімен көрмеген соң ондай мықтылығын мойындағысы жоқ. Енді оны сынағысы келді.
–Ереке, мылтықты сізге берейін, бір атып көріңізші, -деді.
–Маған бір оқ жеткілікті. Басқасын шығын қылғым келмейді, — дей салды.
Осыны айтқаны сол-ақ мылтық гүрс ете қалды. Селк етті. Ергеш ештеңеге мән бермегендей: –Сағындық, бар да қырғауылды жинап ал, – деді. Мылтық атылған жаққа жүгіріп барды. Ол өз көзіне өзі сенбей тұр. Біреу, екеу, үшеу... тұп-тура жеті қырғауыл жатыр. Мәссаған, мұндай да аңшы болады екен-ау, құралайдың көзінен атқан мерген деп осыны айт.
–Ереке, жетеу екен. Қалай көздеп үлгердіңіз мұны.
–Қай нәрсенің де сәті болады. Және бұйырған зат кетпейді. Бізге бұйырғаны осы шығар, енді мылтығыңды жинап таста. Бүгінге осы жеткілікті. Артық атылған оқ табиғатқа залал әкеледі, – деп ол алға қарай жүре берді.
Қ.Құрбан
06 сәуір 2020 ж. 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 966 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам