Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАҢЕРТЕҢ ҰЙЫҚТАП ҚАЛУЫҢЫЗДЫҢ БАСТЫ СЕБЕБІ

ТАҢЕРТЕҢ ҰЙЫҚТАП ҚАЛУЫҢЫЗДЫҢ БАСТЫ СЕБЕБІ

Балалық шақты артқа тастап, ата-анаңыздан алыста жүрген немесе жұмысбасты адам болсаңыз бұл сізге керек кеңес. Біз не үшін таңертең ұйықтап қала береміз? Себебі неде? 
Ұйқының қанбауы 
Адам ояу кезінде ғана өзін басқара алады. Ал ұйқыға кеткенде ағзадағы белгілі мүшелер демалып, ұйқы безі іске қосылады да, жүрек қағысы қалыпқа түсіп, ми тынығады. Бойдағы барлық алаңдауға алып келетін әрекеттеріңіз тоқтайды. Сіз демаласыз. Бірақ жатар алдында «таңертең осындай уақытта тұруым керек» деп шешім жасап, ұйқыны басқарғыңыз келеді. Бұл кейде мүмкін емес. Ал мүмкін болу үшін кешкі сағат 23:00-де ұйқыға жатуыңыз керек. Себебі түнгі 23:00 мен 2:00 арасындағы ұйқы нағыз таза әрі қанық ұйқы. Осы ұйқының есебін орындасаңыз, таңертең айтқан уақытыңыздан бұрын тұрып кетуіңізге мүмкіндік бар. Мәселен сағат 12 немесе 1 кезінде жатсаңыз бәрбір 1 сағаттың ұйқысын өтеуге тура келеді. Адамның да ағзасы белгілі бір механикаға құрылған жүйе екенін ұмытпаңыз. Сондықтан ерте тұру үшін уақытқа да көңіл бөліңіз және ұйқыңыз қанық болсын. 
«5 минут» жата тұрайын...
Ғалымдардың зерттеуінше адамдардың ұйықтап қалуына бастып себеп, «5 минут жата тұрайын» деп 2-3 сағат ұйқыға кетіп қалуы екен. Адам ояна салған кезде орнына тұрып, бетін жуып немесе таза ауаға шығып ұйқысын ашқаны дұрыс. Ал қайта жата тұрайын деп жатуға бел байлау ұйықтап қалуыңызға әсер етеді. Яғни сіздің оянып кеткен кездегі сигналды ми қайта жібермейді. Қайта оянуыңыз үшін жоғарыда айтып өткеніміздей, ұйқыңыз толық қанғанша жата бересіз. Бұл сіздің қалауыңыздан тыс жұмыс істейді. Сондықтан күнделікті таңертең оянған кезде, қайта жатуға асықпаңыз. Барынша тұрып кетуге тырысыңыз. 
Оятқышты қолыңыз жетпейтін жерге қойыңыз 
Адам ұйықтап кеткеннен бөлек, ұйқылы-ояу жатып түрлі әрекеттер жасауы мүмкін. Бұл санадан тыс жұмыс істейді. Яғни ми бірінші іске кіріседі де, дене мүшелеріне тапсырма береді. Соның бірі таңертең оятқыш шырылдаған кезде сіздің өзіңізге бағынбай, қолыңыз шартты түрде оятқышты өшіріп тастауға талпынатын әрекеті. Егер ол жақын жерде тұрса, оны сіз оянып болғанша, ұйқылы-ояу кезіңізде өшіріп тастайсыз. Сондықтан алыс жерге қойсаңыз, шырылдаған дауыс сізді еріксіз оятып, орныңыздан тұруға мәжбүрлейді. Осыдан кейін өзіңізге бақылау жасап, ояна аласыз. Қайта жатып қалуды ойламаңыз. 


14 желтоқсан 2017 ж. 1 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 901 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам