Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖЫР ЖАТТАҒАН ЖАС ЖАМПОЗ

ЖЫР ЖАТТАҒАН ЖАС ЖАМПОЗ

 Елу немесе жүз емес, 300-ден аса өлең мен 2 поэманы жатқа білетін жас өренді білесіз бе? Ол – небәрі 11 жаста. Қазір оқушылардың көбі бос уақыттарын компьютерге, планшетке арнайды. Ал, біздің кішкентай кейіпкер – Ақеркенің қызығушылығы мүлдем басқаша.
«Тегінде адам баласы адам баласынан нақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деп ұлы Абай ақынның айтқаны еш уақытта мәнін жойған емес. Осы дана сөзді ұстанып келе жатқан, жас та болса жетістіктерімен көзге түсіп жүрген дарынды оқушылардың бірі – Ақерке Жансанова.
Талант иесі 2006 жылдың 18 маусымында Байқоңыр қаласында дүниеге келді. Киелі Қармақшы жеріндегі №80 мектеп-гимназиясында 6 сыныпта оқиды. Әкесі – Асқар Жансанов теміржолшы мамандығы бойынша қызмет атқарса, анасы – бар уақыты мен жігерін балаларына арнады. Отбасында екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей мұғалімдерінің айтуынша, Ақерке – мектебінде білімді, өз ісіне жауапты, алғыр, өзіндік орны бар оқушылардың бірі. Сыныптан тыс уақытта қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Әртүрлі үйірмелерге қатысып, танымдық қабілетін ұштап отырады.
Осы уақытқа дейін ол білім деңгейі сынға түсетін сайыстарда жүлделі орындарға ие болып келеді. 2014-2015 жылдары қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиадада І, 2016 жылы қазақ тілі пәнінен ІІІ республикалық қашықтық олимпиадасында І, биыл мектепішілік «Ана тілім – құламайтын бәйтерек» атты шығарма байқауында ІІ орын алды. Ал, аймақтық «Бозторғай» балалар шығармашылығына арналған аудандық жарыста бас жүлделі болды. Облыстық «Бозторғай» байқауында дипломмен марапатталса, қатарынан 2 жыл бойы көркемсөз шебері атанды.
Аталмыш білім ордасында оқушыны еңбекке үйрету, кәсіптік бағдар беру – қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деген қағиданы ұстанатын пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен түрлі клубтар, үйірмелер жұмыс істейді. Мектепте «Жас қаламгер», «Шешендік өнер»,«Поэзия тарландары» үйірмелері бар. Абай, Мұқағали, Махамбет, Тұрмағамбет, Оралхан Бөкей, Мағжан оқуларын жыл сайын өткізу – дәстүрге айналған үрдіс. Жас өрен осы байқаулардың ішінде Абай оқуларына 2 сыныптан бастап қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.
Ең алғаш Абайдың «Ескендір» поэмасын жаттап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Былтыр аудандық дәстүрлі «Абай және Шәкәрім» оқулары байқауында І орынға қол жеткізді. Білімін одан әрі шыңдап, биыл аудандық XVIII республикалық Абай оқуларында және аталған байқаудың облыстық кезеңінде де бас жүлделерді иеленді. Жалпы, білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткізілген XVIII республикалық Абай оқуларында «Сөз зергері» дипломымен марапатталды.
Ақерке Абай және Шәкәрім мұраларынан 370 өлең, «Ескендір» және «Еңлік-Кебек» поэмасын жатқа біледі. Байқау барысында «Үш тілді меңгеру – заман талабы» деп білетін жас дарын ақын Абайдың «Қыс» өлеңін үш тілде жатқа оқыды.
Оның болашағынан зор үміт күткен ұстаздары тынымсыз еңбегі мен талабының арқасында дарынды оқушының әлі талай биік белестерді бағындырарына сенімдері мол. Талантты жасқа Абай, Шәкәрім шығармаларын жаттауда қиындықтарды жеңуге қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігі себеп. Иә, қазақтың құндылығын бойына жиып, жаттап жүрген Ақеркедей сүйкімді өреннің өсіп келе жатқандығы баршамызды қуантады. Біз осындай таланттарымызбен мақтана аламыз.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
10 қазан 2017 ж. 643 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (1488)

13 қараша 2018 ж.

№85 (1487)

10 қараша 2018 ж.

№84 (1486)

06 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 984 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам