Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АДАМНЫҢ ДОСЫ ДА ӘН САЛАДЫ

АДАМНЫҢ ДОСЫ ДА ӘН САЛАДЫ

  Ит жылы кірісімен осы бір жануар жайлы жазылған мақаланың саны артуда. Итті жеті қазынаның қатарына қосқан – қазақ. Итің ұры десе намыстанатын – қазақ. Итті босағадан аттатпайтын да, бұзық баласына «иттің баласы» деп ауызынан ақ ит кіріп, көк ит шығып балағаттайтын да қазекең. Ал, әлем бұл үй жануарына қандай көзқараспен қарайды? Айқайлап тұрған тақырыбымыз айқайлап ән айтатын Папуа Жаңа Гвинеядағы үй жануары жайлы. Ит деген жануардың өзін үй жануары деп сипаттағанымызбен түзде өмір сүретін жабайы иттер де бар. Жаңа Гвинеядағы жануардың бұл түрі орманды аймақта топтасып өмір сүреді. Түзде өмір сүргенімен түз тағысымен ешқандай байланысы жоқ. Қаны таза иттікі. Олар осыдан 30 мың жыл бұрын пайда болды деген деректер кездеседі. Ал, бір зерттеудің нәтижесі бойынша «Тас дәуірі иті» деген лақап атқа ие болған. Иттің бұл түрін ең алғашқы рет 1957 жылы Эдвард Хострен тауып, оны Австралия зоопаркіне өткізген. Бұл жануардың біздің иттерден өзгеше ерекше қасиеттері бар. Олар мысық сияқты талға секіріп, өрмелей алады. Жауынан қорғану кезінде осы тәсілді қолданып, талдың басына шығып кетеді екен. Сонымен қатар, оның мойыны 360 градуска толық бұрылады. Орташа есеппен 15-20 жыл өмір сүреді. Ал, ең қызығы ол ерекше үн шығарады екен. Қазақ "ит ұлыса жамандық болады" деп ырымдайды. Ұлығаны ерекше деп әлем осы итті құрметтейді екен.

massaget.kz


12 қаңтар 2018 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (1409)

23 қаңтар 2018 ж.

№6 (1408)

20 қаңтар 2018 ж.

№5 (1407)

16 қаңтар 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 355 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам