Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » НЕБӘРІ 7 КҮННІҢ ІШІНДЕ ӨМІРІҢІЗДІ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

НЕБӘРІ 7 КҮННІҢ ІШІНДЕ ӨМІРІҢІЗДІ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

  Бүгінгі таңда “100 күн ішінде өміріңді өзгерт” сынды бағдарламалар сәнге айналған. Қалай ойлайсыз, өзімізді бұдан да аз уақыт ішінде өзгерте аламыз ба? Бұл туралы transurfing-real.ru басылымы жазды.

“Иә!” – дейді норвегиялық психолог Эрик Ларссен. Маман әскер қатарында болып қайтқан. Сол жерде “Тозақ апта” атты қатаң бағдарлама болған екен. Ол сарбаздарды тәрбиелеуге бағыттаған бағдарлама.
Аталған апта ішінде сарбаздар күші мен қырағылығын, төзімділігін арттыру үшін көптеген қиындықты өткерген. Бұл бағдарлама аз уақыт ішінде адамның өмірін өзгертіп, оның мүмкіндіктер шекарасын кеңейтетінін көрсеткен.
Эрик Ларссен 8 жыл бойы арнайы күштер қатарында қызмет еткен. Балқан түбегі мен Ауғаныстандағы әскери операцияларға қатысып, спортшылардың психологиялық тренері қызметін атқарған. Ол тәрбиелеген көптеген спортшылар Олимпиадада медальдар жеңіп шыққан. Кейін Эрик мырза “Тозақ аптаның” қалыпты азаматтарға лайық нұсқасын ойлап шығарады. Бұл туралы ол “Шек” атты кітабында жазады.
“Көп адам өзгеруге тырысса да, бұл қолдарынан келмейді. Қайда барып, не істеу керектігін түсіну үшін семинарлар мен тренингтерге баруға тырысады. Бірақ, барлығын өзгерістерге деген толқыныс күшін тудыруға жұмсау керек. Міне, “Тозақ апта” – орныңыздан қозғалып, сол толқынысты тудыратын ерекше күш. Ол сізге жайлылық шекарасынан шығуға көмектеседі. Өміріңізге сырт көзбен қарап, анализдеуге де көмектеседі”, – дейді маман.
Бір аптаға арналған жалпы ереже
Бұл аптаға алдын ала дайындалу қажет. Ол өміріңізді түбегейлі өзгертетіндіктен, моральдық тұрғыдан дайындалу қажет.
Апта дүйсенбі күні таңғы сағат бесте басталып, жексенбі күні кешкі сағат онда аяқталады. Күн сайын тек денсаулыққа пайдалы тағамдарды жейсіз. Таңертеңгі уақытта спортпен шұғылданасыз. Жұмыс уақытында әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынады. Мұнымен қатар, достарға хат жазып, қоңырау шалуға тыйым салынады. Әріптестермен бос әңгіме дүкен құруға тыйым салынады. Өсек-аяң айтып, үнемі шағымданатын жақындарыңызбен әңгімелесуге тыйым салынады. Теледидар қарауға да тыйым салынады. Жоғарыдағы ережелер міндетті түрде орындалулары керек.
Мұның барлығы не үшін керек?
Бұл аптада өзіңізге кедергі жасайтын адамдармен араласпаудың қандай пайдасы бар екенін білетін боласыз. Мұнымен қатар, дұрыс тамақтану мен спорттың қандай пайдасы бар екенін де көретін боласыз. Кейде, тіпті, адамдар 24 сағат бойы ұйықтамай жұмыс істеп жүре беретіндей деңгейге жетуі мүмкін.
11 қазан 2017 ж. 1 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 155 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам