Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЖІМ АРҚЫЛЫ АДАМНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН БІЛУГЕ БОЛАДЫ

ӘЖІМ АРҚЫЛЫ АДАМНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН БІЛУГЕ БОЛАДЫ

Беттегі әжім арқылы адамның мінез-құлық ерекшеліктерін байқауға,айыруға,тануға болатынын ғалымдар дәлелдеген. Қамшы ақпараттық агентігі   соның кейбір құпияларын ашып бермек. 
Көңілділік - Ауыз бен көз шетінде орналасқан әжім сызықтары көңілді адамдардың мінез-құлқын көрсетеді. 
Қорқақтық - Езудің екі жағына тарамдалған әжімдер,өмірде қорған іздейтін қорқақ адамдарға тән. 
Қоршаған ортаға мән бере қарайтын адамдар - Өмірде ұсақ-түйекке көп мән беретін адамдардың көзінің айналасына әжімдер үйір-ақ.Оны не болмаса «қаз табан»әжімдер деп те атайды. 
Адалдық пен шынайылық - Екі қастың үстіне көлденең түсетін әжімдер,мінезінде адалдық пен тұрақтылығы басым адамдарға тән. 
Зиялылық - Екі көздің арасында терең орналасқан әжімдер зиялы адамдарға тән. 
Алды-артын байқағыш және кең пейілділік - Алды-артын байыптағыш,мейірімді,кең пейіл адамдардың маңдайына ұзын-ұзын көлденең орналасқан әжімдер толады.Ал алдына қойған мақсатын тындыра алмайтын адамдардың маңдайындағы әжімдері көлденеңнен түскен қысқа және ұсақ болады. 
Түңілу - Қатты күйзелістен туатын әжімдер тез жоғалып кетуі де мүмкін,бірақ уақыт өткен сайын айқын көрінетін болады.Бұл әжімдер мұрынның төменгі жағы мен езудің шетін жайлап жатады.Егер әжімдер ауыздан төмен қарай,яғни иекте орналасса,ол-адамның денсаулығының бұзылғанының белгісі,я болмаса бұл-өмірден түңілген адамға тән әжімдер. 
Алаңдаушылық - Бүкіл бетке және екі қастың үстіне қиғаш орналасқан әжімдер мазасыз адамдарға тән. 
Ашуланшақтық - Бетінде үшбұрыш кейіпіндегі әжімдер(әсіресе екі әжімнің қосылған тұсы үшкір болса)намысшыл,ашуланшақ адамдарға тән. 
Күйгелектік - Өзімізге таныс маңдайдағы үшкір әжімдермен қатар көздің айналасындағы және екі езуден төмен қарай бағытталған әжімдер жүйкесі тозған,жиі мазасызданатын адамдарға тән. 
Таңқалу - Көздерінің төменгі жағына көлденең орналасқан адамдарда көбінесе айналасындағы өмір оқиғаларына таң қала қарайтын жандар болып келеді. 
Немқұрайлық - Жүзінде әжімі жоқ,бетінің еті бос,екі езуінің тұсында қос сызығы бар адамдар еріншек,айналасына немқұрайлы қарайтын жандар болып келеді.

Шолушы: Ақнұр МҰХТАРХАН
12 қазан 2017 ж. 4 535 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

№40 (1442)

02 маусым 2018 ж.

№39 (1441)

29 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 873 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам