Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛДЕРІ

ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛДЕРІ

 Бір мәліметті бірнеше рет қайталай беру арқылы жаттап алу ғылым тілінде механикалық ес деп аталады. Оның нәтижесі ұзаққа созылмайды. Сол сәтте көп күш салсаңыз да, уақыт өте келе тез ұмытылып қалады.

Ал ақпаратты түсініп, логикаға салып, әр компонентіне жете мән беру арқылы санаға сіңірілген мәліметтің жадта сақталуы да ұзаққа созылады. Біз әдетте мектеп кезінде мәжбүрлікпен көп өлең жаттаймыз. Алайда қазір әр өлеңнің тек 1-2 шумағын ғана еске түсіре аламыз.
Неміс психологы Г.Эббингауз мағынасыз буындарды жаттаудағы ерекшеліктерді ашты. Адам ұзақ қатарды қайталап, еске сақтаған кезде, соңында тұрған материал тез еске түседі екен. Зерттеулер нәтижесі бойынша, алғашқы 1 сағаттан соң алынған ақпараттың 60%-ы ұмытылады, ал 6 күннен кейін бастапқыда да жатталған буындардың 20% бөлігі ғана есте қалады екен.
Қажетті ақпаратты есте қалдыру үшін:
– арнайы мақсат қойып, меңгеруге шын талпыну;
– болашақта қаншалықты қажет болатынын сезіну;
– тереңнен ойланып, мәліметтің мән-мағынасын түсініп, басқа да құбылыстармен ассоциация жасау;
– қабылданған ақпаратты іштей өңдеп, бұрынғы өз ойларымен ұштастырып, қорытынды тұжырым шығару;
– үнемі қайталау. Қажетті мәліметті жаттағаннан кейін, есте сақтау үшін 40 минуттан кейін тағы қайталау керек. Бірінші күні араға уақыт салып 2-3 рет, екінші күні 1-2 рет, 3-7 күннен кейін 1 рет қайталаса, 100 рет қайталағаннан да артық болады.

Дереккөз: massaget.kz
16 қазан 2017 ж. 1 901 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 561 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам